Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Спорт – денсаулық кепілі.

Спорт – денсаулық кепілі.

07 Ақпан 2017

Жыл сайын университетіміздің қабырғасында профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлердің қатысуымен спартакиада өткізіліп тұрады. Биыл бұл шараға жалпы медицина және стоматология факультетінің барлық қызметкері бір адамдай ат салысты, оның ішінде факультет декандары мен декан орынбасарлары, мамандар мен инспекторлар, кафедра меңгерушілері мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар мен резиденттер, сонымен қатар кафедраларымыздың зертханашылары да белсене қатысты.

Солардың ішінде жыл сайынғы аталмыш іс-шараға үлесін аямай, қосып жүрген, жастар арасында спортты насихаттап, үлгі беретін Наурызов Нұрлан Нығметұлын, Срымбетов Мұрат Сапарғалиұлын, Карибжанова Роза Төкетайқызын атап өткен абзал. Сондықтан болар, биылғы спартакиада біздің факультетіміз үшін жемісті болды деп қорытындылауға әбден лайықты. Жалпы медицина және стоматология факультетінің командасы алға шығып, командалық есеппен 1- орынға ие болды.

Әрине, жетістікке жетуде спорт командасының рухани бірлігінің жоғары болуы аса маңызды болды. Атап айтқанда, команданы ұйымдастыра білген, капитанымыз Тусбаев Марат Ғалымұлының еңбегі  өте зор.

Марат Ғалымұлы Тусбаев – университет қабырғасында көптеген жылдар бойы еңбек сіңіріп жүрген беделді ұстаз, үздік стоматолог, кәсіби жетекші ғана емес, сонымен бірге спорттық қабілеті жоғары мамандардың бірі.

 Спартакиада барысында түрлі спорттық сайыстарда табандылық пен жоғары спорттық шеберлікті, қажымас қайрат пен алғырлықты көрсетіп, алға шыққан факультет кафедраларының оқытушылары, яғни, Котов Евгений Александровичтің,Камышанский Евгений Константиновичтің,Золотарёва Оксана Анатольевнаның, Мхитарян Ксения Эдуардовнаның, Аубакиров Сайлау Ерғалиұлының жеңіске ие болуға өз септіктерін тигізгені аян.

Әрине, осы спартакиадада ауыз толтырарлық жеңістерге жетуге зор үлесін қосқан деканат қызметкерлері – Төлеубеков Қуатбек Қуанышбекұлы мен Досхожин Дулат Мұқажанұлын, Культенова Махаббат Төлегенқызы мен Динеш Кумарды, Абдогалиева Фарида Оралханқызы мен Абеуова Ләйлә Күнтуғанқызын атап өткен артық болмас!

«Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, спорттық жарыстарға жас қызметкерлеріміздің тек қана қатысып қоймай, жоғары жетістіктерге жеткені мақтанарлық жайт. Телембетов Нұрбек Темірбекұлы, Журавлев Сергей Николаевич, Аспандияров Баянбек Ерболатұлы, Алдабекова Алмагүл Амангелдіқызы, Килишбаева Меруерт Оразаләліқызы, Жумекин Нұрбол Есімханұлы, Байбуланова Айман Асылмұратқызы, Харин Азамат Дүйсенбекұлы, Хабдолда Болат Хабдолдаұлы, Аубакирова Зарбина Жанжұманқызы, Башар Сымбат Акжарқынқызы, Зулкарнаева Елена Фаридовна, Айдарбекова Асел Сайлаубекқызы, Оразова Бақыт Оразқызы сынды жас педагог-дәрігерлердің салауатты өмір салтына, спортқа деген ынталарының биік деңгейде болуы студенттерге үлгі.

Жалпы медицина және стоматология факультетінің басшылығы ҚММУ профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлерін XXXXIII Спартакиадасында қол жеткізген бас жүлдесімен құттықтай отырып, кафедра меңгерушілеріне, спартакиада қатысушыларына шын жүректен алғысын білдіреді. Келешекте көшбасшылық ұстанымды спорт саласында ғана емес, сонымен қатар барлық салаларда жеңістің байрағы іспетті жоғары көтеруге тілектеспіз!

Жалпы медицина және стоматология факультетінің деканаты


0
8074

пікірлер

пікір қалдыру үшін.