Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«ҚММУ - 2017» қалалық пәндер олимпиадасы

«ҚММУ - 2017» қалалық пәндер олимпиадасы

06 Ақпан 2017

2017 жылдың 26 қаңтарында  Қарағанды қалалық мектептері оқушыларының  арасында биология және химия пәндерінен III қалалық пәндер олимпиадасы өткізілді.

Пәндік мектеп олимпиадасы 28-ші әлемдік қысқы Универсиада – 2017-ге сабақтастырылды.

Пәндік олимпиаданы ұйымдастырушылар Қарағанды мемлекеттік медицина университеті және қалалық білім орталығының КММ «№5 орта мектебінің» Ресурстық орталығы.

Биылғы жылы Ресурстық орталыққа 10 жыл болды. Осы кезең аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен Ресурстық орталық қызметтестігі жалғасуда.

Пәндік олимпиаданы ұйымдастыруда ҚММУ оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Вилен Борисович Молотов-Лучанскийдің, КММ №5 ОМ меңгерушісі Басира Казбековна Утемуратованың, Клиникаға кіріспе кафедрасының меңгерушісі, профессор Сауле Маутова Кабиеваның еңбектері зор.

Олимпиадаға Қарағанды қаласының 45 орта білім беретін мектептері қатысты. Қатысқан оқушылардың жалпы саны қазақ және орыс бөлімдерінен 374 бала.  

Биология пәні бойынша тапсырмаларды молекулярлық биология және медицининалық генетика кафедрасының меңгерушісі профессор Берікбай Жукенович Култановтың және доценттер: Валерий Владимирович Бритькомен, Баян Нестеровна Дюсенбекованың, аға оқытушы Елена Степановна Сульдинаның басқаруымен жасалды.

Химия пәні бойынша тапсырмаларды және ұйымдастыру шаралары  химия курсы меңгерушісі Власова Ленина Михайловна, доцент Сотченко Райса Калиновна және Митирев Владислав Александрович, магистр Мукабылова Арайлым Омергалиқызының ұйымдаструымен өткізілді.

Жүлдегерлерді марапаттау 2017 жылдың 30-шы қаңтарында ҚММУ-нің Ғылыми Кеңесі залында жүргізілді. Жүлдегерлерге Алғыс хат, сертификаттар және естелік кітаптар тапсырылды.

Алғыс сөзді  ұйымдастырушылар, оқытушылар, ата-аналар, оқушылар жалғастырды.

 Естелік үшін біздің ЖОО және Қарағанды мектептерінің қызметтестігін көрсету  үшін, жүлдегерлер мен жеңімпаздар суретке түсірілді.

 профессор С.М. Кабиева,

 доцент Л.М. Власова,

доцент В.В. Бритько. 


0
7010

пікірлер

пікір қалдыру үшін.