Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Денсаулық — зор байлық.

Денсаулық — зор байлық.

01 Ақпан 2017

"Дәрігер - арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек" 

Гиппократ

Біз, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 4 және 5 курс студенттері, мемлекетаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша бір семестрге Молдова Республикасының Кишинев қаласында орналасқан Н.Тестемицану атындағы Мемлекеттік Медицина және Фармация Университетіне оқуға бардық .

4-курс студенттері “Ішкі аурулар” және “Хирургиялық аурулар” циклдарын, ал 5-курс студенттері  “Жедел жәрдем” және “ВОП” циклдарын оқыды .

Біз оқу кезінде ММФУ атындағы Тестемицану университетінің заманауи және инновационды «Cusim» атты практикалық дағдыларды оқытатын орталықта оқыдық . “Пациент-актерлармен” өткен жағдаяттарды Отбасылық дәрігер ретінде шештік . Молдова мемлекетінің Республикалық ауруханасында “Ішкі аурулар” пәнінің циклдарын  оқыдық. Көптеген профессорлардың түсіндірген дәрістерімен тәжірибелік сабақтарында білім нәрімен сусындадық. Республикалық ауруханада әр циклді өткенде , әр түрлі науқастармен жеке және профессорлармен бірігіп науқастардың клиникалық белгілерін талқыладық және “Ауру тарихын” жаздық . Науқастардың ашықтығы және қарапайымдылығы көңілді қуантты. Әр циклдің соңында емтихандар үш бөлімнен өтті яғни: бірінші тест, екінші науқаста практикалық дағдыларды орындау және ең маңызды бөлімі билет тартып профессорларға ауызша жауап беру болды. Ал “Хирургиялық аурулар” пәнінде түрлі операциялық манипуляцияларды көріп үйрендік.

“Жедел жәрдем” пәнінде заманауи реанимациялық құрылғыларды көріп , жедел жәрдем көрсету бойынша Европалық протоколдармен жұмыс жасап, өз шеберлігімізді шыңдадық .

Тестемицану университеті көп ұлтты. Себебі, бұл университетте молдаван және орыс тілдерінен басқа , ағылшын тілінде АҚШ, Франция, Израиль, Ресей, Палестина, Украина, Үндістан мемлекеттерінен келген көптеген азаматтар оқиды. 

Н.Тестемицану атындағы Мемлекеттік медицина және фармация университетінің өкілдері бізді ыстық ықыласпен қарсы алып, оқу бағдарламасы басталғаннан бізді қызықтырған сұрақтарға қуана жауап беріп, көмектерін аямады. Сонымен қоса көптеген достар тауып және болашақ әріптестерімізбен таныстық. 

Біз 4 және 5 курс «Жалпы медицина және стоматология» факултетінің студенттері Молдова Республикасында білім алуға керемет мүмкіндік берген үшін ҚММУ Ректоры профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызына үлкен алғыс айтамыз. Және Халықаралық ынтымақтастық және Болон процесі бөліміне алғысымыз шексіз.  


0
6958

пікірлер

пікір қалдыру үшін.