Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жеңіл атлетикалық турнирдегі жеңіс

Жеңіл атлетикалық турнирдегі жеңіс

30 Қаңтар 2017

Жаңа жыл қарсаңында Қарағандының жеңіл атлетикалық манежінде Қарағанды облысы жаттықтырушыларын еске алуға арналған жеңіл атлетикадан облыстық турнир өтті. Жарысқа Қарағанды, Теміртау, Абай, Саран және Шахтинсктен 250 жуық спортшы қатысты.

  Жеңіл атлетика бойынша ҚММУ командасының құрамында: Рахимберлина Салтанат (3-066 ЖМ), Оралбекова Жазира (3-051 ЖМ), Койшибаева Айнұр (5-106 ЖМ), Ребрина Оксана (4-104 ЖМ), Пан Василий (4-002 ДТ),  Касумов Ахмед (1-007 Cтом), Венгловский Владимир (3-006 ЖМ), Алтеев Дамир (1-002 ҚДС), Рогозин Вячеслав (6-074 ЖМ), Анарбек Мухтар (2-013 ЖМ) және Нургазиев Бексұлтан бағдарламаның 10 түрі бойынша қатысты: ұзындыққа және биіктікке секіру, сонымен қатар, 60 м., 200м.,400м. және 3000м. жүгіру

  Әйелдер арасында 3000 м. қашықтықта 1 - орынды ҚММУ студенті Рахимберлина Салтанат жеңіп алды. Осы түрден  2-орынға Оралбекова Жазира ие болды. Бұрынырақ 1500м. қашықтықта С. Рахимберлина  3 -орынға ие болды.

  Жарыстың барлық қатысушыларын және жеңімпаздарын құттықтаймыз, қатысқандарына алғыс білдіреміз және алдағы уақытта спортта жетістіктер тілейміз.

   

  А.А. Богатырева (ҚММУ жеңіл атлетикадан құрама командасының жаттықтырушысы)


0
6623

пікірлер

пікір қалдыру үшін.