Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алау Эстафетасы

Алау Эстафетасы

26 Қаңтар 2017

 Қарағанды қаласында  өтіп жатқан XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың «Алау эстафетасы»  ҚММУ қызығушылығын тудырды.

  Университетіміздің 3 000 мыңнан астам оқытушылары мен студенттері 26 қаңтар күні №1 оқу ғимаратына ірі іс-шараның қатысушылары болуға жиналды.  Қазақстан бұрынғы одақ елдерінен ең алғашқы болып қысқы  универсиада ойындарын өзінде өткізуде.

ҚММУ студенттерін, әсіресе, «Алау Эстафетасына» қатысушы ретінде университетімізден бірден 5 студентіміздің қатысуы ерекше шаттандырды, қаламыздың көшесінен жүгіріп өту құрметі: Абай Мақсат, Сарсенбаев Қасым, Киреев Дмитрий, Сарсембай Аблайхан және Тулеев Айдарға бұйырды. 

Олардан бөлек, университеттің 20 үздік студенті универсиаданың еріктілері ретінде салтанаттты рәсімнің қатысушысы болды.

ҚММУ оқытушылары мен студенттері алаушылар тобын «Алға, Қазақстан!» деп қол шапалақтап қарсы алды. Әр факультет салтанатты рәсімнің қатысушыларына қолдау білдіріп, дауыстап ұрандарды айтып, қаттырақ қошаметтерін білдірді.

  Іс-шара соңында көрермендер тұмармен және университет туымен фотоға түсіп, көпке дейін тарамады.


0
7519

пікірлер

пікір қалдыру үшін.