Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Үздіксіз кәсіби білімнің Ресей медицина академиясындағы академиялық ұтқырлығы ( Мәскеу қаласы)

Үздіксіз кәсіби білімнің Ресей медицина академиясындағы академиялық ұтқырлығы ( Мәскеу қаласы)

23 Қаңтар 2017

04.10.16 ж. - 30.12.16 ж. академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 7-ші курстың интерн-терапевттері Кайралапова Алтынай мен Мешелова Алтын Мәскеу қаласындағы үздіксіз кәсіби білімнің Ресей медицина академиясына (ҮКБРМА) жіберілді.

04.10.16 ж. - 30.12.16 ж. Мәскеудегі Денсаулық Сақтау Департаменті В.В. Вересаев атындағы ҚКА-нда орналасқан терапия және жасөспірім медицина кафедрасында «Кардиология» модулі бойынша оқыдық. Кардиология профилінің бөлімшелері 12-корпусында орналасқан: кардиология бөлімшесі, кардиохирургия бөлімшесі, диагностика мен емдеу рентгенохирургия әдістерінің бөлімшесі, электростимуляция мен жүрек соғылысының бұзылысы бөлімшесі, қантамырхирургиясы бөлімшесі, кардиореанимация блогімен шұғыл кардиология бөлімшесі, кардиохирургиялық реанимация бөлімшесі, функционалдық диагностика бөлімшесі. Алғашқы келген күні біз кафедра меңгерушісі Ресей Федерасиясының еңбек сіңірген дәрігері профессор Автандилов Александр Георгиевичпен таныстық.

 Бірінші ай бойы аумақтық қантамыр орталығының кардиореанимация бөлімшесіне бекітілдік. Әр күніміз таңертеңгі конференциялардан, бөлімше меңгерушісі Шогенов Заур Султановичпен бірге кардиореанимация науқастарын қараудан басталатын. Кардиоблокта өткізген уақытында бөлімшенің және аурухананың құрылымы мен жұмысымен таныстық, кардиоблоктың және дәрігерлермен бірге науқастарды қарау жұмысына белсенді қатыстық, науқастарға  коронография өткізуін бақыладық. Өткір коронар синдромі кезінде маманданғанмедицина жәрдемін бергенде және сондай науқастарды емдеу жолында білімдерімізді тәжірибемізде қолдандық. А.Г.Автандилов және  м.ғ.к. З.С.Шогенов профессорлардың дәрістерін тыңдадық.

07.11 - 25.11.16 ж. м.ғ.к. Кутепов Юрий Сергеевич басқаруындағы 6-шы кардиология бөлімшесінде модульді оқуды жалғастырдық. Біз дәрігерлерге бекітіліп науқастарды қарадық та қарауларға қатыстық.

28.11.16ж. С.П.Боткин атындағы ҚКА негізінде нефрология және гемодиализ кафедрасында «Нефрология» модулін оқуды бастадық. Нефролог дәрігерлердің кәсіптік деңгейін көтеру кафедрасының профессор-ұстаздық құрамының дәрістерін тыңдадық. Нефрология жәрдемі екі бөлімшеден тұрады: 12 нефрология бөлімшесі, оның өзі 3 бөлімшеден тұрады: 30 төсек орнынан ХБК диализ дейінгі деңгейіндегі нефрология бағыты бойынша және гемодиализ мен перитонеальді диализдегі науқастарды  емдейді; стационар гемодиализі (16 аппарат «Жасанды бүйрек»)  жоғары коморбидті ерекше ауыр жағдайдағы науқастар емделеді; амбулаториялы гемодиализ (20 аппарат «Жасанды бүйрек»); 24-ші нефрология бөлімшесі. Стационарлық гемодиализі бөлімшесінде диализ жәрдемін ұйымдастыру жолдарымен және «Жасанды бүйрек» аппаратының жұмысымен таныстық.

Оқумен қатар біздің  мәдени–ойын-сауық бағдарламамыз да бай болды: мәдени және сәулет ескерткіштерімен, Мәскеу қаласының көңіл бөлерлік жерлерімен  таныстық. 

Бұл сапарда біз көп жаңа білім, әсер, кәсіптік және өмір дағдыларын алдық, оның ішінде ең бастысы – оқуда және ғылымда жаңа жетістіктерге ұмтылуымыз керек.

ҮКБРМА халықаралық бөлімінің қызметкерлерінің, терапия және жасөспірім медицинасы, нефрология және гемодиализ, кардиореанимация,  В.В. Вересаев атындағы ҚКА 6-кардиология бөлімшесі дәрігерлердің  бізге деген жайдарлы көңіл бөлуін айтқымыз келеді.

Біздің университетіміздің басшылығына сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға  мүмкіндік берген үшін алғысымызды білдіреміз.

Кайралапова Алтынай, Мешелова Алтын


0
7191

пікірлер

пікір қалдыру үшін.