Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Клиникалық жағдайға (CBL) негізделген пәнаралық сабақ.

Клиникалық жағдайға (CBL) негізделген пәнаралық сабақ.

18 Қаңтар 2017

2016 жылдың 27 желтоқсанында Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің «психиатрия, наркология және неврология» кафедралары бірлесе отырып, Жалпы медицина факультеті 5 курс студенттерінің пәнаралық сабағы өткізілді. Сабақты оқу жөніндегі меңгеруші, «психиатрия және наркология» кафедрасының ассистенті В.В. Столярова және «неврология» кафедрасының ассистенттері Р.С. Тулеуов және С.Б. Бернгаппарова ағылшын тілінде өткізді. 5-062, 5-065, 5-063, 5-012, 5-004, 5-005 топтарының студенттері клиникалық жағдайды талқылауға белсенді түрде қатысты. Студенттер жеке дара және кішігірім топтарда жұмыс істей отыра, жетекші синдром жөнінде гипотездарды ұсынды, дифференциалдық диагностиканы анықтады және ықтимал диагностика мен емдеу жолдары жайлы идеяларын ұсынды. Осы сабақ студенттердің жаңа идеяларын ұсынуға ынталандырды, неврология және психиатрия пәндер аясында пәнаралық қарым-қатынастың дамуына үлес қосты және клиникалық мәселелерді шешуде алған білімдерін қолдану үшін дағдыларын және клиникалық ойлау деңгейлерін көтерді.

В.В. Столярова


0
6596

пікірлер

пікір қалдыру үшін.