Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
МАСТЕР-КЛАСС ТӘЖІРИБЕДЕГІ ДӘРІГЕРГЕ КӨМЕК

МАСТЕР-КЛАСС ТӘЖІРИБЕДЕГІ ДӘРІГЕРГЕ КӨМЕК

11 Қаңтар 2017

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің № 1 ішкі аурулар кафедрасының оқытушылары 2016 жылдың желтоқсанында бірінші қатардағы тәжірибедегі дәрігерлер үшін «Тәжірибедегі  дәрігерге көмек: коморбидті жағдайға ұшыраған және жүктілерде жиі кездесетін ауруларды анықтаудан дұрыс емдеуге дейін» мастер класы ұйымдастырылып,  өткізілді. Тыңдаушылар аудиториясын №4 емханасынан, №3 және №5 емханасынан Қарағанды қаласының №1 ҚА, Теміртау қаласының және Абай ауданының ОАА келген 25 дәрігер құрады. Сонымен қатар, біздің оқу орнын бітірген жас мамандар да осы құрамда болды.

Мастер-класс тақырыбы өзекті болып табылады, өйткені экстрагенитальды патология ана өлімінің негізгі себептеріне жатады және Қазақстанда бұл көрсетіш 32,1% құрайды. Ана өлімінің көрсеткіштерін ДДҰ ұлт денсаулығын қамтамасыз ету үшін қабылданған бақылау критерилеріне жатқызылды. Жүкті әйелдермен жұмыс жасау ерекшелігін, жүктілік физиологиясын және гестационды кезеңдегі аурулар ағымының ерекшеліктерін барлық мамандықтың тәжірибелік дәрігерлері білуі қажет. 

Бірнеше созылмалы аурумен ауыратын науқастар саны да дүние жүзінде артып жатыр. Мұндай беталыс болашақта да күтілуде, осы жағдай полипатия мәселелеріне деген әр түрлі бейін мамандарының қызығушылығын тудыруда. Medline  мәліметтер базасындағы «мультиморбидтілік» түйінді сөзі бойынша тіркелген басылымдардың соңғы он жылда саны 4,5 есеге өсті, 2010 жылы мультиморбидтіліктің халықаралық ғылыми қоғамы құрылды. (International Research Community on Multimorbidity - IRCMo).   Дәрігерлерді оқыту, бірінші кезекте терапия бағытындағы мамандар мен жалпы тәжірибелік дәрігерлерді оқыту, құрылымды бағалау, коморбидтіліктің болуы мүмкін салдары мен ауырлығы, науқастарды мақсатқа бағытталған зерттеулерін жүргізу және тиімді ем тағайындау қазіргі кезеңдегі маңызды сұрақтардың бірі болып табылады.

Мастер-класс аясында жүктілердегі қант диабеті, жүрек, өкпе, бүйрек, қантүзілім тіндерінің ауруларын диагностикалау және емдеу сұрақтары кеңінен қамтылды. Артериалды гипертонияны, несеп жолдарының инфекцияларын емдеу амбулаторлы-емханалық жағдайда клиникалық жағдайларды талқылай отырып, анемиямен және тромбоцитопениямен ауыратын науқастарды жүргізу тәсілі, сонымен қатар, дәлелді медицина тұрғысында жүргізілетін терапияның жаңа мүмкіндіктерін қарастыру жөніндегі тәжірибелік сабақтар ерекше қызығушылық тудырды.

Мастер-класты қорытындылау кезінде қатысушылар ұсынылған баяндамалардың жоғары деңгейі, өзектілігі, маңыздылығы және осындай шаралардың өткізу қажеттілігін айтты. Айта кеткен жөн, тыңдаушылар алған білімдері негізінде өздерінің ой-өрістерін,  шығармашылық деңгейін кеңейтті,  дәлелді негізделген әлемдік ақпараттық ресурстарды өмірде кездесетін жағдайларда барынша қолдану дағдысын игере алды. Қарағанды қ. №4 «Емханасы» КМК Әкімшілігі ҚММУ ректоры Р.С. Досмағамбетованың атына №1 ішкі аурулар кафедрасы мұғалімдерінің мастер-класын  ұйымдастырып, өткізгені үшін алғыс хат жолдады.

А.М. Жусупова,

№1 ішкі аурулар кафедрасының доценті


0
6773

пікірлер

пікір қалдыру үшін.