Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тәуелсіздік жылдарындағы медицинаның және еліміздің жетістіктері

Тәуелсіздік жылдарындағы медицинаның және еліміздің жетістіктері

11 Қаңтар 2017

2016 жылдың 20 желтоқсанында №2 балалар аурулары кафедрасы базасында облыстық балалар клиникалық ауруханасында бірнеше атаулы оқиғаға арналған мерекелік кеш өтті,бұлар:Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы,Қазақ хандығының бес жүз елу жылдығы, сондай-ақ ,университеттегі қазақ тілі апталығы.

«Медицина білімі - Мемлекеттік тіл аясында» - бұл ҚММУ жыл сайын өтетін фестиваль тақырыбы. Іс-шара барысында №2 балалар аурулары кафедрасының мұғалімдері мен интерндерінің ұжым асқан шығармашылық және ғылыми жұмысы арқасында осы тақырыптың барлық қырларына назар аударылды.

6-027, 6-031, 6-033, 6-034, 6-035 топтары мерекеге белсенді қатысты.Көптілді топтар арасындағы біртұтас жұмыс және өзара көмек жоғары деңгейдегі іс-шараны ұйымдастыруға мүмкіндік бергенін атап өткен жөн.

Болашақ педиатрлардың көп қырлы таланты мен дарындылығын көрсете отырып, интерндер жазушы,режиссер, әртіс, спикер және ғылыми сарапшылардың орнын басты,

 Сондай-ақ, өздерін шығармашылық қырларынан танытқандардың арасында: кешті бастап 6-034 тобының студенті Макатревич Янина Абай өлеңін мәнерлеп оқыды, 6-027 тобының студенті Әбіл Арай домбырамен Дәүлеткерейдің күйін орындады және 6-035 тобының студенті Сәрсембаева Салтанат «Қазақ елі – осындай» әнін айтты.

Мәжіліс залын кездесу тақырыбына сай әсемдеген 6-031 тобының арқасында кеш көңілді және қонақжай атмосферада өтті. Кафедра мұғалімі, топтарының кураторы – ұйымдастырушы Г.А Сарманкулова,  профессордың м.а., кафедраның аға оқытушысы  С.Т. Кизатова ұйымдастыруда үлкен қолдау және көмек көрсетті.

Іс-шараны ұйымдастыруды және сценариін жазуды 6-033 тобының студенті Карабекова Маржан өз мойнына алды.

6-033 тобының студенті Жабровец Анна және 6-035 тобының студенті Киреев Дмитрий шараның жүргізушілері болып, мерекені жандандыруға атсалысты.

Тәуелсіздікке жету жолындағы қиындықтар,еліміздің қазіргі жетістіктері,халқымыздың ерлігі туралы бейнесурет ұсынылды. Тақырыптық бейнероликтер шара бойы көрсетіліп жатты.

Интерндер еліміздің медицинасының Тәуелсіздік жылдары дамуына, сонымен қатар, педиатрия саласында, медицинадағы еліміздің жетістіктеріне көп көңіл аударды. 6-035 тобының студенті Қыдыралиева Мадина тыңғылықты дайындалып, таныстырылымын қысқаша баяндады.Таныстырылым біздің тұңғыш Елбасымыз,  көшбасшысымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен 25 жыл ішінде Қазақстан жасаған маңызды қадамдарын суреттеді.

Студенттер өздерінің аз да болсын қызықты да күлкілі тәжірибесінде кездестірген оқиғаларды көрсетуді ұмытқан жоқ. 6-033 тобының интерні Староконь Юлия, 6-027 тобының интерндері Қалдыбекова Арайлым , Қалдыбаева Арайлым және  Динкешева Жанардың қатысуымен жасалған «Қабылдау бөлімшесіндегі оқиға» атты шағын миниатюраны зал ду қол шапалақпен қолдап,күлкіге батты.

6-031 тобының студенттері дайындаған викторина басталғанда зал бей-жай қалмады. Символдық медальдармен марапатталу үшін кеш қонақтары мемлекеттік тіл, дәстүрлері, ұлттық тағамдары мен медицинадағы жетістіктер туралы сұрақтарға жауаптарды жарыса берді.

№2 балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, профессор, м.ғ.д  Тукбекова Бибигуль Толеубаевна ынтымағымыз бен дағдылар сабақтастығын, кафедра оқытушылары мен оның студенттері арасындағы достық қарым-қатынасты білдіретін «Жаса қaзағым» әнін интерндермен,оқытушылармен бірге орындады.

Шара соңында қонақтарға кафедра ұстаздарының қолынан әзірленген ұлттық тағамдарға толы дастарқан басында құттықтау сөздерін айтып, тілектерімен алмасуға мүмкіндік берілді

22.12.2016 ж. ҚММУ жиын залында өткен ғылыми кеңес отырысында  «Апталыққа атсалысайық» конкурсының қорытындысы жарияланды, №2 балалар аурулары кафедрасы Гран-при жеңіп алды.

А.М. Жабровец 6-033 тобы


0
6723

пікірлер

пікір қалдыру үшін.