Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні

30 Желтоқсан 2016

1991 жылы 16 желтоқсан күні, біз Қазақстан елі, егемендік пен еркіндікті таңдай отырып, дербес зайырлы мемлекет ретінде әлемге танылдық. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – бұл халқымыздың  ең басты құндылығы.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Қарағанды қаласының Облыстық жедел және кідіріссіз көмек көрсету станциясында мерекелік іс – шара атап өтілді. Мерекелік іс – шара кафедра меңгерушісі А.Р. Алпысова және ассистент Л.И.  Бочарованың ұйымдастыруымен №1 жедел және кідіріссіз медициналық көмек көрсету кафедрасының 5- курс жалпы медицина мамандығы – 5-032, 5-033,5-034,5-074,5-083,5-084,5-092,5-093, 5-097 – топ  білімгерлері белсенді атсалысты.

Салтанатты іс-шараға «Нұр Отан» партиясының өкілдері, 5 курс «Жалпы медицина және стоматология»  факультеті деканының орынбасары, жедел жәрдем ардагерлері шақырылды.

  Мейрам мерекелік әрі ресми түрде өтті. Құттықтау сөздері мен марапаттаулардан Лялина Екатерина мен Мулдашева Жанардың ұйымдастыруымен жүргізілген мерекелік бағдармала басталды. Іс – шара домбырашылар Жабагенов Диас пен Искаков Махамбеттің күйлерінен тарту жасаумен басталды. Осылай олар өздерінің ұлттық аспапта ойнау шеберліктерін көрсетті. Мерекелік бағдарлама бойы көрерменге ыстық ықыластарын арнаған жүргізушілер Аятбек Өтеміс пен Подольникова Нина болды, ал Брюшинина Евгенияның тарихи баяндамасы барлық қатысушыларды тарихымыздың тереңдігіне саяхат жасата отырып, Тәуелсіздігімізді алудың жолында еліміздің қандай құрбандыққа барғандығы туралы ойға бөледі. «Тарихымыздың тұңғиығына» сапар шеккеннен соң, ортада өнерлі студенттеріміз Кожагелдиева Айсана, Турсынова Дана, Сапар Медеу және Танатар Абылайхан тарихи би «Қара жорғаны» биледі. М.Мақатаевтың салт – дәстүрлер мен әдет – ғұрыптар туралы өлеңін оқыған, жедел жәрдем станциясының қызметкері Б.К.Ускембаев ыстық лебіз бен алғысқа бөленіп қайтты. Еліміздің кеңдігі мен шексіздігі туралы «Сарыжайлау» әнін Куртанова Дана мен Муратбекова Мадина орындады. Сүйкімді орындаушы Танатар Абылайхан «Мерекем» әнімен мерекелік көңілді одан әрмен сергітті. «Баламишка» күйін орындаған Жабегенов Диас өзінің домбырадағы ерекше орындау шеберлігін көрсете білді. Өзінің нәзік қазақи биімен көрерменнің көзайымы болған - Әбділ Әдия. Ал «Атамекен» әнімен тарту жасаған Қожагелдиева Айсана болды.

  Үндістаннан келген Шетелдік студенттеріміз де шет қалмады. Сирохи Шубам барлық қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтап, әнін  сыйға тартты.

Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген, жандыра лезгин биін билеген Курбанбаев Сахит пен жедел жәрдем станциясының қызметкері Баттал Ерназар болды. Бір топ студеттер (Сапар Медеу, Муратбекова Мадина, Сакенова Алия, Турсынова Дана, Қыстаубекова Наргиза, Танатар Абылайхан, Маратова Людмила, Дуйсенова Айгерим, Сакенова Арайлым, Қожагелдиева Айсана және Серік Ғизат) орындаған «Менің Елім» әні де шет қалмады. Зал әншілермен қоса ән айтты.

Жан тебірентетін  Т. Айбергеновтың «Менің Отаным» атты өлең жолдарын Шрайманова Жұлдыз (5-093 ЖМ) тарту етті, теңдессіз Шералиева Гулхае (5-097 ЖМ) көрермендерді хорезм биімен қуантты. Жан дүниенің тереңдігіне бойлай «Қазақ елі» паттриоттық әнін шырқаған  Кыстаубекова Наргиза (5-034 ЖМ).

Салтанатты мерейтойдың тоқетер нүктесі – концерттік бағдарламаны қойған барлық қатысушылардың орындауындағы «Туған жер» әні болды.

Гарифзянов Равиль (5-084 ЖМ) и Селиванов Евгений (5-083 ЖМ) мерекелік іс –шараның қуанышты сәттерін есте қалдыруға өз үлестерін қосты. Шлегель Александр (5-092 ЖМ) және Брюшинина Евгенияның  жұмыла жасалған жұмыстарының  арқасында концерттік бағдарламаның техникалық қамсыздандырылуы жоғары деңгейде болды.

Мерекелік іс –шараның аяқталуына орай Қарағанды қаласының ЖМК Облыстық станциясының директоры қатысушылар мен ұйымдастырушыларға өзінің алғысын білдірді, ал біз үшін, білімгерлерге – көрермендердің ыстық ықылысы мен бақытты жүздері – үлкен алғыс. Біз үшін бұл концерт студенттік шақтарымыздың ең жарқын сәттерінің  бірі болып, достығымыз одан әрі арта түсуіне себепші болды. Біз бұл күнді ешқашан ұмытпаймыз.

Жер шарындығы әр адам өзінің еліне, жеріне және тарихына келгенде ерекше мақтаныш сезінеді. Жарқын болашақ құру үшін біз өткен тарихымызды естен шығармауымыз тиіс. Біз барлық жолдастарымызды, барша қазақстандықтарды өз елімізге, отанымыз -  Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге шақырамыз.


0
6653

пікірлер

пікір қалдыру үшін.