Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНФЕКЦИЯЛАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ СТРАТЕГИЯСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНФЕКЦИЯЛАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ СТРАТЕГИЯСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

06 Қаңтар 2017

2016 жылдың 15 желтоқсанында ҚР ДСӘДМ «Дәрігер инфекционистер қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің, «Астана медициналық университеті» АҚқатысуымен және Астана қаласының Қалалық балалар жұқпалы аурулары ауруханасы базасында«Қазақстан Республикасында инфекцияларға қарсы қызметті жетілдіру стратегиясы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды және өткізілді.

Конференцияның салтанатты ашылуына ҚР ДСӘДМ өкілдері, ЖК және ЗТБ «Ұлттық Денсаулық сақтау Палатасының» басқармасының төрағасы Д.С. Есимов, ҚР ДСӘДМ Медициналық көмекті ұйымдастыру Департаментінің бас сарапшасы Г.Е. Сарсенбаева, ҚР тұтынушылар құқығын қорғау Комитетінің эпидемиологиялық бақылау Басқармасының бас сарапшасы Н.Ю. Азимбаева, Астана қ. ҚБЖАА бас дәрігері Ж.К. Ажигулов, ЖК және ЗТБ «Ұлттық Денсаулық сақтау Палатасы» басқарма төрағасының орынбасары, м.ғ.к. А.А. Кауышева, ҚММУ ҮКД және клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры, ҚР штаттан тыс бас инфекционисті (ересектердің)  м.ғ.д., профессор Б.Н.Кошерова қатысты. 

Конференция жұмысына ҚР медициналық ЖОО ғылыми қызметкерлері, ҚР барлық облыстарының штаттан тыс бас инфекционистері, ҚР жұқпалы аурулар ауруханаларының бас дәрігерлері және Қазақстанның барлық аймақтарынан келген дәрігер инфекционистер, сондай-ақ, жұқпалы ауруларды бақылау бойынша ұйымның (CDC) мамандары белсене қатысты.

Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінен қатысқан өкілдер: ҚММУ ҮКД және клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры, ҚР штаттан тыс бас инфекционисті (ересектердің) м.ғ.д., профессор Б.Н.Кошерова, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, РЖА академигі, м.ғ.д., профессор Р.Х. Бегайдарова және кафедран профессорының м.а., м.ғ.к., доцент Г.К. Алшынбекова. 

Конференция барысында2016 жылдың 11 айы ішінде жұқпалы аурулармен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық жағдайлар және оған қарсы қолданылған шаралар туралы; ҚР-дағы жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша әлеуметтік іс-әрекеттер және ескерту сұрақтары; қазіргі жағдайда ҚР үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) институтын дамыту, 2016-2019 жж ҚР «Денсаулық» ДСДМБ жүзеге асырудағы Ұлттық Денсаулық сақтау Палатасының және ҮЕҰ рөлі; кейбір қызметтерді үкіметтік емес секторға ауыстыру сұрақтары; балалардың  жұқпалы аурулармен сырқаттануы және өлім жағдайларын талдау, клиникалық хаттамалар,жұқпалы аурулар ауруханаларын басқару үлгілері (МБ, МҚКӨ), ЖАБ-нің жұмысы, СҚО, ШҚО, Ақмола облыстарындағы көпбейінді клиникалар жанындағы жұқпалы аурулар бөлімшелерінің жұмысының кемшіліктері мен артықшылықтары мәселелері қарастырылды.

Қазақстан Республикасында инфекциялық қызметті МӘМС-і енгізе отырып ұйымдастыру сұрақтары бойынша ҚММУ ҮКД және клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры, м.ғ.д., профессор Б.Н. Кошерова баяндама жасады.

Қазақстандағы CDC бағдарламасының рөлі және оның жұмысының нәтижелері, сондай-ақ, ҚР тропикалық инфекциялардың өзектілігіталқыға салынды.

ҚР-да инфекциялық қызмет мамандарын дайындау сұрақтары қаралды.

Конференция соңына қарай «Дәрігер инфекционисттер қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің (РҚБ) – үкіметтік емес, өзін өзі басқаратын қоғамдық ұйымның жарғысы, құрамы және жоспары талқыланды.«Дәрігер инфекционисттер қоғамы» РҚБ төрайымы болып штаттан тыс бас балалар инфекционисті,«Астана медициналық университеті» АҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Д.А. Баешева тағайындалды.

Қарағанды өңірі бойынша «Дәрігер инфекционисттер қоғамы» РҚБ филиалының төрайымы болып ҚММУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, РЖА академигі, м.ғ.д., профессор Р.Х. Бегайдарова тағайындалды.

Конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданды.


0
7132

пікірлер

пікір қалдыру үшін.