Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біздің ғылыми зертттеу қызметінде алғашқы тәжірибиеміз

Біздің ғылыми зертттеу қызметінде алғашқы тәжірибиеміз

06 Қаңтар 2017

Өкінішке орай «№1 Ішкі аурулар кафедрасына» келгенге дейін, біз медицина университетінде 4 жыл оқып, ғылыми-зерттеу қызметпен айналыспадық. Пәнді зерттеу сапарымыз Қарағанды қаласының Облыстық клиникалық аурухананың гематология бөлімінде басталды. Yлкен қызығушылықпен біз қантүзу тінінің ауруларын зерттедік. Мұндай түрлі клиникалық сурет - лейкемия ауруы шын мәнінде бізге қатты әсер етті. Ғылыми әдебиеттерді, соның ішінде (The Cochrane library, PubMed, Elsevier) электронды ақпараттық ресурстарды  талдауды бастадық. Бір кездерде  біз профессор П.А. Бархаш сөздерін еске түсірдік; «Жедел лейкоздың әр жағдайы өзінше бір ерекше болуымен байланысты міндетті түрде баяндалуы керек». Осы және осы секілды жобалар  ғылыми зерттеумен айналысуға мені және жалпы медицина факультетінің 4-083 тобының студенттерін «Қарағанды облысындағы жедел лейкоздың эпидемиологиялық сипаттамасы» тақырыбында ғылыми зерттеу жобасын таңдауға итермеледі. Ғылыми жобаны қорғау RESEARCH – BASED LEARNING форматында 2016 жылдың 26 желтоқсанында №1 ішкі аурулар кафедрасында өтті.

Біз ғылыми жобаны дайындау барысында үлкен ләззат алдық. Өйткені біз дербес команда ретінде бірлесе жұмыс жасай отырып, зерттеу дизайнымен өзіміздің шығармашылық потенциалымызды жоғарылатуға мүмкіндік алып, көпшіліктің назарына ұсындық. Біз осы бағытта алдағы уақытта да жұмыс жасауды жобалап отырмыз.

4-083 топтың атынан ғылыми жетекшіміз, идеямызды шабыттандырушы, дәрігер-гематолог, м.ғ.к., доцент А.М.Жүсіповаға ыстық ықыласымызды білдіреміз. Шынында да оның кәсібилік шеберлігінің арқасында науқастармен қарым-қатынас дағдыларына ынта-жігермен зейін қойып, гематология бағытында ғылыми зерттеудегі өз қызықты тақырыбымызды таптық. Гиппократтың «Данышпандық үшін адам  іздегенінің бәрі, бұл емшілік өнер – ақшаға деген енжарлық, ар-ождан, қарапайымдылық пен кішіпейілділік, адамға деген құрмет, табандылық, адалдық пен ұқыптылық, мол білім мен терең ой, сонымен қатар науқастың жазылуына әсер ету» деп айтылған сөздері Айман Мақсұтқызы секілді оқытушыға айтылған деп ойлаймын.

Медициналық оңалту, сәулелік диагностика және физикалық тәрбиелеу кафедрасының доценті, б.ғ.к. Ш.Е.Диқанбаеваға біздің ғылыми зерттеуімізге микроскоппен бласт жасушалардың және оның миелопероксидазаға реакциясын танып білуге мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Гематологиялық атластан жай ғана қарағаннан көрі, қан жасушаларын және сүйек кемігін қазіргі таңда тірідей көру әлдеқайда қызықты. Біз жедел лейкозбен ауыратын науқастың қан жасушаларын суретке түсіріп, «Жедел лейкоздың клиникалық жағдай» постеріне орналастырдық.

Жалпы медицина және стоматология факультетінің

 4-083 топ басшісі Айтжанова У.К.


0
9598

пікірлер

пікір қалдыру үшін.