Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды студенттері Альянсының XII слеті

Қарағанды студенттері Альянсының XII слеті

06 Қаңтар 2017

26 желтоқсан күні Қарағанды Политехникалық колледжінде  Қарағанды  студенттері Альянсының ХІІ слеті өтті.

Слет қатысушылары: жастар ұйымдарының  белсенділері, көшбасшылары,  үкіметтік емес ұйымдардың  басқарушылары,  мемлекеттік мекемелердің өкілдері,  сонымен қатар, Қарағанды қаласының  жоғары және орта оқу орындарының студенттері. Жалпы жиында қатысушылар 2016 жылы атқарылған жұмыстар қорытындысын баяндады.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің  атынан Қазақстан студенттер Альянсының жетекшісі Нурумбетова Фариза,  Салауатты өмір салты секторының басқарушысы Есмахан Досым, зияткерлік даму секторының көшбасшысы Арынова Диляра,  сондай-ақ, ҚММУ ҚСА ЖК өкілдері Қапият Сәнім мен Парпиева Алия, сондай ақ белсенді студенттер Ілесбек Жәудір, Ловинецкий Константин қатысты.  Жиын барысында ең үздік және белсенді студенттер алғыс хаттармен марапатталды. 

2016 жылдың қорытындысына сәйкес, ҚММУ ҚСА Жергілікті комитеті “Ең ерекше штаб”  номинациясымен марапатталды. ҚММУ ҚСА жетекшісі Нурумбетова Фариза “Жыл студенті” номинциясында жеңімпаз атанды.

 Ілесбек Жәудір


0
6595

пікірлер

пікір қалдыру үшін.