Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Музыка жүрек ғанибеті...»

«Музыка жүрек ғанибеті...»

05 Қаңтар 2017

2016 жылдың 23 желтоқсанында «Шалқыма» концерт залында Тәттімбет атындағы Академиялық оркестр мен Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университетінің бірлескен «Музыка жүрек ғанибеті...» атты концерті болып өтті.

Коцерт Қарағанды ​​Мемлекеттік Медицина Университетінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры Молотов-Лучанский Вилен Борисович пен Тәттімбет атындағы Қарағанды ​​академиялық оркестрінің директоры Магавин Мереке Кабдуллиновичтің сөздерімен ашылды.

Тәттімбет атындағы Академиялық оркестр концертіне бас дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Дуйсен Үкибайдың жетешілігімен ҚММУ студенттері: Дуюсенбаева Жанерке, Рымтаева Мадина, Ералиева Дана, Байназар Нурылайым, Тулеев Айдар, Алматов Зейнолла, Жабагенов Диас,  «Жігіттер тобы» және жалпы медицина және стоматология факультеті деканының орынбасары Тахуадина Алия Ибрагимовна қатысты. Барлық орындаушылардың кәсіби деңгейін атап өту керек. Зал Шәмші Қалдаяқов, Абдымомын Желдыбаева, Сәкен Сейфуллин және басқа да композиторлардың шығармашылық туындыларына керемет саяхат жасағандай болды.

Тәттімбет атындағы Академиялық оркестр 17 жыл бұрын құрылған. Оркестрдің репертуарында қазақ халық әндерінен басқа шетел композиторларының туындылары да бар. Оркестр ұжымы ең жақсы дирижерлер, композиторлармен, сонымен қатар танымал қазақстандық вокалисттер мен музыканттармен бірлесіп жұмыс істейді. Біз де бұл қатарға кіргенімізді мақтан тұтуымызға болады.

Концерт қатысушылар мен қонақтарға ұмытылмас әсер қалдырды. Тәттімбет атындағы Академиялық оркестрмен ҚММУ өзара бірлескен қызметі жемісті және осындай концерттер көбірек болады деген үміттеміз.

Нуртазина Асемгуль, 4-089 ЖМ


0
6774

пікірлер

пікір қалдыру үшін.