Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай

23 Желтоқсан 2016

Заманауи Қазақстан – тұрақты экономикасы және болашаққа деген  жоспары бар, тәуелсіз, егемен, демократиялық мемлекет. Бүгінде Қазақстан өзінің құқықтары мен мақсаттарын батыл мәлімдейді.

2016 жыл – барлық қазақстандықтар үшін елеулі жыл. Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығына қадам басты. Біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу салтанатының куәгері болып отырмыз. 25 жылдан бері мемлекетіміздің Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жетекшілігімен мемлекетіміздің күшті, қарқынды, тарихи дамуында қазақстандықтар жұмыла еңбек ете отырып, керемет серпіліс жасады.

15 желтоқсан күні Теміртау - қаласындағы «Жедел медициналық көмек станциясы» клиникалық базасында №2 ЖжКМК кафедрасының  ұжымы және «Жалпы медицина» мамандығының 5-курс студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтті.

Кафедра меңгерушісі Г.С.Жумабекованың жетекшілігімен 5-108 тобының студенті Красикова Надежда таныстырылым дайындады. Таныстырылымда Қазақстан Тәуелсіздігінің жарқын тарихи кезеңдері туралы айтылды. Таныстырылым алдында Қазақстан Республикасының Әнұраны тыңдалды, кейіннен құттықтау сөздерімен Теміртау қаласының «ЖМКС» директоры З.Е. Абилкасимов сөз сөйледі. Таныстырылым қорытындысында біздің Мемлекетіміздің игілігі мен жетістіктері туралы түрлі-түсті деректі фильм көрсетілді. Фильм соңында кафедра оқытушылары құттықтау сөздерімен шықты.

Мерекелік кешті халықтық оркестр музыкасының концертімен біздің қамқорлыққа алынған облыстық музыка мектеп-интернатының жас әртістер - мектеп оқушылары аяқтады.

Тәрбиелік жұмыс жоспарына сәйкес, осы күні №2 ЖжКМК кафедрасында  5-029, 5-036, 5-095, 5-096, 5-088, 5-089 топтарында «Желтоқсан сабағына» арналған кураторлық сағатты доценттің м.а. Б.С. Оразбаева және кафедра оқытушылары Л.А. Каммерер, М.А. Ким және Т.Э. Шульц өткізді.

 

№2 ЖжКМК кафедрасының ұжымы


0
6269

пікірлер

пікір қалдыру үшін.