Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біз АИТВ алдын алу үшін!

Біз АИТВ алдын алу үшін!

22 Желтоқсан 2016

 2016 ж 2 желтоқсанда «Жұқпалы аурулар және дерматовенерология» кафедрасында Дүниежүзілік ЖИТС- пен күресу күніне орай дәстүрлі жыл сайынғы конференция өтті.

  Конференцияны ҚММУ жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедра меңгерушісі Ким Антонина Аркадиевна ашып, конференцияға қатысушылармен амандасып, конференцияның негізгі мақсаттары мен өткізу жоспарын мәлімдеді. Мәлімдеу барысында бұл конференцияның  өзекті мәселесі ретінде АИТВ адамды мәртебеге, жынысқа, жасқа, нәсіліне, адамның өмірінің әлеуметтік немесе кәсіби деңгейіне байланысты таңдамайтынын айтып кетті. 

  Конференцияның мақсаты аурудың ерекшеліктері туралы ақпараттылықтың деңгейін көтеру, АИТВ/ЖИТС алдын алудың және емдеудің әдістері туралы, салауатты өмір салтын ұстану және әр адамның өзінің денсаулығы үшін жауапкершілігін жоғарылату болып табылды. Конференция барысында адамдардың немқұрайлығының арқасында ауыр зардаптар болу мүмкін екені, өмірде ең қымбат – денсаулық және ешбір адам АИТВ/ЖИТС-қа қарсы дәріні ешқандай ақшаға сатып ала алмайтыны түсіндірілді.

  Конференция қонағы, дәрігер-эпидемиолог Б. К. Күлтанова 2016 жылғы 10 ай ішіндегі АИТВ/ЖИТС бойынша Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Оның мәліметтері бойынша АИТВ-инфекциясы бойынша жағдай эпидемия сипатында.

 «Жалпы дәрігерлік тәжірибе», «Ішкі аурулар» дайындық бағыты бойынша 6-067, 6-068, 7-064 топ интерндері белсенді қатысты. Іс-шара барысында АИТВ инфекциясы бойынша жалпы сұрақтар қарастырылды: этиологияға жаңа көзқарастар, патогенез, диагностика және емі, оппортунистік инфекциялар терең қарастырылды, АИТВ-инфекциясы бар науқастардың дискриминациясы, репродуктивті денсаулыққа инфекцияның әсері, қарт адамдардағы ерекшеліктер. Сондай-ақ 2 қызықты клиникалық жағдай ұсынылды.

  Қорытындысында аудитория назарына АИТВ/ЖИТС диагнозымен өмір сүретін адамдарға арналған 2 әлеуметтік бейнеролик ұсынылды, ол бейнероликтерде науқастардың диагноз қойылғаннан кейін өмірлерінің қалай өзгергені жайлы және сол диагнозды қабылдап, қалыпты өмір сүруге қалай бейімделгені жайлы көрсетілді.

  Қорытындысында Антонина Аркадиевна Ким конференция қатысушыларына қызықты баяндамалары үшін, қонақтар, студенттер мен кафедра қызметкерлерінің уақыт бөлгені үшін алғысын білдірді.


0
6435

пікірлер

пікір қалдыру үшін.