Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ЖИТС-ге жол бермейік!

ЖИТС-ге жол бермейік!

14 Желтоқсан 2016

Дүниежүзілік ЖИТС-мен (СПИД-пен) күрес күніне арналған бағдарлама шеңберінде 2016 жылдың 25 қараша күні, Иммунология және аллергология кафедрасының меңгерушісі, М.А. Ғазалиева және кафедраның көмекші-стажер М.Р. Измайловичтің басшылығыммен, Жалпы медицина 3-067, 3-068, 3-072, 4-001, 5-075, 5-076, 5-082 тобтар студенттерімен бірге «ЖҚТБ-ге жол бермейік!» науқаны өткізілді. Науқан Гоголь көшесі №4 оқу ғимаратының холында және Алалыкин, 7 орналасқан №2 академиялық ғимаратында өткізілген.

Көбіміздің сұрауға қорқатын мәселелеріміз: АИТВ, ЖИТС-нен айырмашылығы қандай, даму, механизмі және ең бастысы, өзін-өзі қорғау және тексеру тәрізді басқа да мәселелерді еске алып және қажет болса сұрақтарды студенттерден білдік.

Университет ғимаратында 100 парақша таратылды.

Іс – шараның мақсаты АИТВ, ЖИТС індетін жұқтыру жолдары арқылы АИТВ және ЖИТС мәселесіне студенттердің қызығушылығын аудару болды.

Науқанның басты мақсаттары: студенттердің денсаулығы мен салауатты өмір салтын ұстану қабілетін дамытуға, өзіне назар аудару маңыздылығы, денсаулығы мен өмірдегі орынсыз тәуекелге байланысты әрекетке  барнау қажеттілігі туралы сенімін қалыптастыру, АИТВ және ЖИТС әдістері мен таралу жолдарын түсіндірілді.

Исатаева Әсел, 5-082 ЖМ


0
6416

пікірлер

пікір қалдыру үшін.