Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жазу және идеялар генерациясы үрдісін ұйымдастыру технологиясы

Жазу және идеялар генерациясы үрдісін ұйымдастыру технологиясы

14 Желтоқсан 2016

Анық, жинақы және дәлелді ғылыми мәтін жазу тәжірибесі алғаш студенттік жұмыстардан басталады және үнемі жалғасады. Ғылыми мәтін жазу қабілеті өзге зерттеушілік қабілеттерге қарағанда негізгі болып табылады. Орыс тілі кафедрасының доценті О.Ф. Кучеренконың RBL әдісінің қолдануымен өткізген «Жазу және идеялар генерациясы үрдісін ұйымдастыру технологиясы» ашық сабағы жеті технологияға арналды. Істі кейінге қалдырып ойға батпай, жазуға бағытталатын технологиялар бойынша мәтінді кезең-кезеңмен құрастыру демонстрациясы әсіресе көрнекі болды. Студенттер барлық тапсырманы сәтті орындады. Игерілген технологияларды пайдаланудың қорытындысы – өздігімен таңдаған кәсіби бағытталған тақырыпта академиялық мәтін жасау болды.

Сабақ «Жалпы медицина» мамандығының 3-курс студенттері оқитын «Академиялық жазу» элективті пәні шегінде өткізілді. Студенттер «Академиялық жазуды» меңгеріп, өз гипотезасын шығарып негіздеу, сыни тұрғыдан ойлау, әр түрлі көзден алынған ақпаратты жалпылап пайдалану қабілеттерін, модельдер негізінде мәтін құрастыру дағдысын қалыптастырады, ғылыми мәтінге қойылатын халықаралық талаптармен танысады.


0
6399

пікірлер

пікір қалдыру үшін.