Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Құқықбұзушылықтың алдын алу

Құқықбұзушылықтың алдын алу

12 Желтоқсан 2016

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім «Қазақстан студенттерінің Альянсы» белсенділерімен бірлесіп № 7 жатақханада шет ел студенттері Қарағанды ОПБ учаскелік полиция инспекторларымен кездесуін өткізді.

  Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері: учаскелік инспекторлар Ғабитұлы Диас және Мустафин Азамат аудармашы Бхандари Раджатпен шетел студенттері кез болатын өзекті мәселелер туралы әңгімелерді: ұрлық, құжаттарды жоғалту, бұзақылық. Учаскелік инспекторлар шетел студенттеріне маңызды қауіпсіздік ережелері туралы, қоғамдық орындардағы  тәртіпті сақтау және жол жүру ережесі туралы түсіндірді.

  Шетел студенттерін зардап  шеккен жағдайда мемлекеттік немесе орыс тілін білмесе, құқықбұзушылық туралы қалай жеткізу керек деген сұрақ қызықтырды. Инспекторлар қажет болған жағдайда өзінің өкілін немесе аудармашыны шақырып, олардың көмегімен құқық қорғау өкілдерімен тілдесе алатындығын айтты.

  Кездесу соңында, қатысып отырған шетел студенттеріне қажет болған жағдайда жүгінуге болатын учаскелік инспектордың байланыс деректері берілді.

Индира Ильяшева

ҚММУ «ҚСА» жемқорлыққа қарсы

 секторының жетекшісі


0
6341

пікірлер

пікір қалдыру үшін.