Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Денсаулығың өз қолыңда

Денсаулығың өз қолыңда

12 Желтоқсан 2016

2016 жылдың қараша айының 29 жұлдызында 1 қараша - 1 желтоқсан аралығында өтетін ЖИТСке қарсы күрес айлығы аясында «Жұлдыз» Жастар Медициналық Орталығы жастармен жұмыс жөніндегі бөліммен бірлесе отырып «Денсаулығың өз қолыңда» ұранымен зияткерлік ойын өткізді.

Ойынға «Единичка» деп аталатын бірінші жатақхана студенттері командасы, «Natus vincere» атты үшінші жатақхана студенттері командасы және «Блокатор» атауымен жетінші жатақхана студенттері командасы қатысты.

Бұл ойынның мақсаты студенттер арасында АИТВ мен ЖИТС ұғымдары жайлы білімді кеңейтіп, салауатты өмір салтын насихаттап, жаман әдеттерге деген теріс ұғымды қалыптастырып,сонымен қатар, ВИЧпен инфицирленген науқастарға деген толеранттылықты ояту болды.

Барлық командалар іс-шараға белсенді қатысып, өз білімдерін айқын көрсете алды. Іс-шара үш кезеңнен тұрды: тақырыпқа байланысты плакат дайындау, ЖИТС пайда болу тарихы, берілу жолдары мен алдын алу, клиникасы мен емі жайлы білімге байланысты, сонымен қатар, жағдайлық есептерді креативті түрде шешуге байланысты кезеңдер.

Іс-шара қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасы бірінші орынмен «Блокатор» командасын, екінші орынмен «Единичка» командасын, үшінші орынмен «Natus vincere» командасын марапаттады.

  Аскаров Ерболат

4001А ЖМ тобы


0
6241

пікірлер

пікір қалдыру үшін.