Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
VI Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференция «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың заманауи мәселелері»

VI Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференция «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың заманауи мәселелері»

12 Желтоқсан 2016

Жастар денсаулығын сақтау және дамыту, студенттердің денсаулығын және олардың салауатты өмір салтын қалыптастыру сұрағы-негізгі мәселе.

2016 жылы 29 қарашада СӨС қамқорлығымен Теміртау қаласының Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың заманауи мәселелері» атты VI Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға  Қазақстанның түпкір-түпкірінен мектеп оқушылары, студенттері, магистранттар мен ғалымдар, сонымен қатар жақын шет елдерден келген ғалымдар қатысты. Біздің университеттің атынан «Жалпы медицина» факультетінің «Акушерлік және гинекология» мамандығының 6-003 топ интерндері Ю.Д. Искра және М.С. Ким баяндама жасады. Баяндамалар мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілінде ұсынылды және 4 секцияға бөлінген:

  №1 секция: Денсаулық сақтау  технологиясы  саласында және салауатты өмір салтын насихаттаудағы заманауи тенденциялар.

  №2  секция:  Жеке дамудың рухани-адамгершілік негіздері.

  №3  секция:  Құқықтық мәдениет және жастар арасында девианттық мінез-құлық.

  №4 секция:  Салауатты өмір салты және оның құрамдас бөліктері.

Біздің интерндердің баяндамаларын әділ қазылар алқасы жоғары бағалады. «Денсаулық сақтау техгологиясы саласындағы және «Салауатты өмір салтын насихаттаудағы  заманауи тенденциялар» атты №1 секцияда Искра Юлия «Жастар арасындағы контрацептивтік қылық мәдениеті» ғылыми жұмысымен бірінші орынды иеленді. «Гинеколог дәрігерінің қаралуында болған фертильді жастағы әйелдер арасындағы ЖЖБИ ауруларының таралуы» тақырыбына жазылған Маргарита Кимнің  баяндамасы да жүлделі бірінші орынға ие болды. Бұл «Салауатты өмір салты және оның құрамдас бөліктері» атты баяндама №4 секцияда тыңдалды. Ең үздік баяндамалар ҚМИУ ғылыми еңбектер жинағында жарияланады. Конференцияға белсенді қатысқаны үшін ҚМИУ басшылығы ҚММУ ректоры Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызына және интерндердің жетекшісі Воробьева Регина Васильевнаға алғыс хаттар табыс етті.

Акушерия және гинекология кафедрасының

 ассистенті Р.В.Воробьева 


0
6447

пікірлер

пікір қалдыру үшін.