Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«28 ілмек» қайырымдылық клубы

«28 ілмек» қайырымдылық клубы

12 Желтоқсан 2016

Қазақстанның әрбір қаласында өте төмен салмақпен туылған балаларды емдейтін перинаталдық орталықтардың бөлімдері бар. Бұл топтағы тірі қалу пайызы шамамен 10% құрайды. Статистика бойынша 1 миллионға жуық шала туылған балалар, көп ұзамай өледі: өйткені олардың, тыныс алу, көру немесе ас қорыту жүйелерінде ақаулар болуы мүмкін. Сондықтан медицина қызметкерлері осындай балалар өмірге келген сәттен бастап, алғашқы күндері мен апталарына баса көңіл бөледі. Осындай нәрестелерге кейде арнайы кювез бен емнің өзі жеткіліксіз болып жатады.

Кәдімгі жүннен тоқылған шұлықтар, бас киім немесе жылы орамалдар да жаңа туған нәрестелердің әрі қарай өмір сүріп кетуіне тигізіп көрсетіп жатады. Жаңа туылған нәрестелердің денесін алғашқы минутынан бастап оңтайлы температурада ұстап тұру қажет, мұндай жағдайда тек медицина қызметкерлерінің көмегі мен арнайы кювездердің температурасынан басқа, балаларға жүннен тоқылған жылы киімдер де керек. Жүн нәрестенің нәзік терісін тітіркендіреді, ал бұл нәрестенің үнемі қозғалып жатуына әсер етіп, өмір сүру қабілеттілігін арттырады. Орталықтың қаржылық бюджетінде мұндай заттарды сатып алу қарастырылмаған. Медицина қызметкерлері осындай қысылтаяқ жағдайлардан өздігінен шығуға тырысып жатады. Осыған орай, Қазақстанда 2 жыл бұрын «28 ілмек» атты Клуб құрылды, оның мақсаты- еліміздегі барлық неонатология бөлімдерін жылы киімдермен қамтамасыз ету. 28 – бұл Қазақстанда шала туылған кішкентай нәрестелерге жиі тоқуға  тура келетін шұлықтың өлшемі. Әлеуметтік желілердің жақсы жұмыс істеуіне байланысты, осы «28 ілмек» Клубы туралы тек қана  Қазақстан емес, басқа да елдердің азаматтары күнен-күнге көп мағлұмат алуда. Волонтерлерге қарапайым азаматтар мен азаматшалар, атақты адамдар, ірі компаниялар мемлекет қолдау көрсетуді қолға алуда. 

Біздің жоғары оқу орнының қабырғасында да «28 ілмек» қайырымдылық клубының филиалы белсенді түрде жұмысын атқаруда,  студенттеріміздің өздері нәрестелерге арнап бас киімдер, шұлықтар, жамылғыштар, кеудеше тоқып, «Облыстық перинаталдық орталығы» КМК және «Қарағанды қаласы перзентханасы» КМК- на өз жұмыстарын тапсыруда. Қарағандыдағы «28 ілмек» қайырымдылық клубының жетекшісі- «Жалпы медицина» мамандығында  «Акушерия және гинекология» бағыты бойынша білім алып жүрген  6-003 тобының интерні Ким Маргарита. Клубтағы  сабақтар белгіленген кесте бойынша, әр сәрсенбі сайын сағат 18:00-ден сағат 20:00-ге дейін бас корпустың 312-аудиториясында өткізіледі. Барлық керек-жарақтар нәрестелерге қайырымдылық ретінде студенттердің қаражатына алынады.

Сіздің тоқыма өнерін білуінің міндетті  емес, ең бастысы- ниеттің болғаны маңызды.Сондай-ақ тоқыма өнерін клуб мүшелерінен үйренуге үлкен мүмкіндік бар.

«Акушерия және гинекология» кафедрасының

 ассистенті Р.В.Воробьева 


0
6832

пікірлер

пікір қалдыру үшін.