Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Тәуелсіз Қазақстан» зияткерлік ойыны

«Тәуелсіз Қазақстан» зияткерлік ойыны

09 Желтоқсан 2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында №2 ішкі аурулар кафедрасының оқытушылары мен интерндерінің, интернатура деканатының ұйымдастыруымен жыл сайынғы дәстүр бойынша, түрлі дайындық бағытындағы интерндер арасында зияткерлік ойын өткізілді. Іс-шара өтетін зал мерекелік көңіл–күйге еніп, 4-курс студенттері Құрманғазының күйін күмбірлете ойнап, ұлттық би билейді. Қатысушыларға бағыт - бағдар бере отырып, ҚММУ ардагерлер Кеңесінің төрағасы  Сартабаев Сембек Абдрахманович құттықтау сөз сөйледі. 

Ұсыныс берген 18 қатысушының төртеуі ғана іріктеу сыннан өтіп, ойынға қатысты. Олар: №2 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының интерні Быкова Светлана, №1 ішікі аурулар кафедрасының интерндері Канеев Илья және Сейданов Динмухамед, №3 ішкі аурулар кафедрасының интерні  Муслимова Асем. Ойын 2 турдан және финалдан тұрды. Ойын Қазақстанның тәуелсіздігіне, бірлігіне, тұрақтылығы мен гүлденуі туралы айдарлардан тұрды.  Жоғарғы ұпай басымдылығымен  Канеев Илья мен Муслимова Асем ойынның  финалында шықты. Финалдық кезеңде алып тастау әдісімен «Астана» айдары қалды. Ұпай тіге отырып қатысушылар астанамыздың  «Әлем қаласы» ЮНЕСКО атағын қашан алғаны туралы сұраққа дұрыс жауап бере алмады. Қорыта келе, 1750 ұпайға тең басымдылықпен Муслимова Асем алға озып шықты. 

Ойын соңында №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Е.М.Ларюшина қонақтарды, ойын қатысушыларын алда келе жатқан абырой мен қуанышқа толы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мерекесімен құттықтап, барлық қатысушыларды сертификаттармен,  іріктеу сыннан өткен қатысушыларды естелік сыйлықтармен марапаттады, ал жеңімпазға зияткерлік ойын жеңімпазының  дипломы және естелік сыйлық табыс етілді. 

Мерекелік іс-шараның соңында 6-курс интерндері мен 4-курс студенттерінің орындауында «Көк тудың желбірегені» патриоттық әні шырқалды.

Сөз соңында, шараның ұйымдастырылуына және өтуіне қатысқан 6-061, 6-062 топ интерндеріне, 6-074 топ интерні А.Ильинге, 7-курс интерндері  Д.Котенкоға, Е. Ханға және 4-005, 4-006 топ студенттеріне алғыс айтамыз!


0
6733

пікірлер

пікір қалдыру үшін.