Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне (ХҚТУ) академиялық ұтқырлық

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне (ХҚТУ) академиялық ұтқырлық

09 Желтоқсан 2016

Академиялық ұтқырлық Қарағанды мемлекеттік медицина университеті қызметінің  маңызды бағыттарының бірі болып табылады.Бұл басқару жүйесін жетілдіруге, сыртқы және ішкі интеграциялық байланыстарды орнатуға, ЖОО «ұлт денсаулығын қамтамасыз ету үшін әлемнің үздік практикалық талаптарына жауап беретін мамандар қалыптастыруға бағытталған медициналық білім беру саласындағы көшбасшы» миссиясын орындауға ықпал етеді.Нәтижесінде бұл білім беру сапасын жақсартады, білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттырып қана емес, олардың кәсіби, мәдени және білім беру деңгейлерін жоғарылатады.

  2016 жылдың 14-26 қарашасы аралығында академиялық ұтқырлық бадарламасы аясында иммунология және аллергология кафедрасының профессоры Ахметова Найля Шамильевна Қожа Ахмет Яссауи атындағыХалықаралық қазақ-түрік университетінебарып қайтты.

Бұл университетте «Жалпы иммунология» пәнін жедел медициналық жәрдем кафедрасы оқытады. Пәнді «Жалпы медицина» мамандығының  2-курс студенттері оқиды.

  Н.Ш. Ахметова дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды келесі тақырыптар бойынша жүргізді:

- иммундық жүйе құрылысы; антигендер; гуморалдық иммунитет жүйесі, негізгі иммуноглобулиндер класының құрылысы мен функциялары; иммундық жауаптағы комплемент жүйесінің ролі;

- антиген білдіруші жасушалар; жасушалық иммунитет жүйесі; иммунологиялық төзімділік; цитокиндердің негізгі сипаттамалары;

- лейкоцитарлы формуланы есептеу, лейкограмманы және иммунограмманы талдау; ИФТ әдісі;

- біріншілік және екіншілік иммундық тапшылық жағдайлар, ЖИТС иммунды диагностикалау; HLA жүйесі, трансплантациялық иммунитет негіздері;

- канцерогенездің иммунды генетикалық аспектілері, иммунды коррекциялаудың негізгі принциптері;

- атопиялық аллергияның клиникалық көріністері патогенез, лабораторлық диагностикасы.

Сонымен қатар, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен медициналық ЖОО білім беру үрдісіне белсенді оқыту әдістерін: топтық-бағдарланған TBL, мәселелік-бағдарланған PBL, клиникалық жағдай негізінде  CBL енгізу бойынша семинар өткізілді. Ғылыми және инновациялық бағыттағы болашақ мамандарды дайындау тәжірибесіне енгізу және даярлаудың жаңа моделін research-based learning (RBL)қалыптастыруғабайланысты семинар тыңдаушылары  білім беру технологиясы жүйесіндегі RBL ролі мен орны, оның медициналық білім берудің жеке деңгейлерінде қолданылуымен танысты.

Академиялық ұтқырлықтың соңына қарай медицина факультетінің деканы М.С.Жүнісовпен, жедел медициналық көмек кафедрасының меңгерушісі А.С.Бабаевамен ҒЗЖ және СҒЗЖ шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары тұрғысымен  бірлескен шаралар талқыланды.

Профессор Н.Ш.Ахметованың жұмысын Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің басшылары жоғары бағалады: университетіміздің ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетованың атынажіберілген алғыс хатта Н.Ш.Ахметованың кәсіпқойлығын, педагогикалық шеберлігін, өткізген сабақтарының мазмұндылығын, өзектілігі мен тәжірибеге бағытталғаны туралы айрықша атап жазылған. 


0
7613

пікірлер

пікір қалдыру үшін.