Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Құқықтық сауаттылық күні

Құқықтық сауаттылық күні

08 Желтоқсан 2016

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім  "Самұрық" СР құқық пен мүдделерді  қорғау жөніндегі министрлігімен бірлесе отырып, құқықтық сауаттылық күнін өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар жоғары оқу орындары студенттерінің құқықтар мен міндеттеріне, студенттерге қойылатын талаптарға, жатақханалардың ішкі тәртіп ережелеріне қатысты нормативтік-құқықтық деректермен танысты.

Құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қатысушыларға "Сауатты студент – сенімді азамат" зияткерлік викторинасында қатысу ұсынылды. Ұйымдастырушылар қатысушыларды екі топқа бөлді, әр топ 4-деңгей бойынша 10-нан 50 ұпайға дейінгі әр түрлі сұрақтарға жауап беруі тиіс еді: жалпы құқық, оқу үрдісі саласындағы студент құқығы, жатақханаларда тұратын студенттердің құқығы, әлеуметті ортадағы студент құқығы.

Ойын қорытындысы бойынша, 190 ұпай нәтижемен "Бірлік" командасы (капитаны-Нурлыбекова Нургуль)  2-ші дәрежелі диплом иегері атанды.

270 ұпай нәтижемен "Болашақ" командасы (капитаны-Рысқұлбек Динара) зияткерлік сайыстың жеңімпазы атанды.  

Тохтарбаева Макпал

"Самұрық" СР құқық пен мүдделерді 

қорғау жөніндегі министрлігі


0
6598

пікірлер

пікір қалдыру үшін.