Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алматыда Гран-при

Алматыда Гран-при

08 Желтоқсан 2016

Алматыда У.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында«Мен жастарға сенемін!» IV республикалық патриоттық студенттік фестивалінің Гала-форумы болып өтті. Осы жылы айтулы форум Тұңғыш Президент күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

  Фестивальге қатысуға Қазақстанның 14 облысынан, 63 ЖОО студенттерінен 1500 астам өтініш берілген. Конкурстың бағдарламаға қатысуға қатал әділқазылардың іріктеуінен 400 талантты жасөспірм және қыздар өтті.

  Жастар форумының өткізілуінің басты мақсаты – Қазақстанның болашағына деген жастардың азаматтық жауапкершілігі мен отансүйгіштік сезімін арттыру.

  «Мәңгілік ел - мұратым!» патриоттық әндер конкурсында әділ қазылардың бірауыздан қабылдаған шешімімен «Мен жастарға сенемін!» IV республикалық патриоттық студенттік фестивалінің «Гран-при» жүлдесі  Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенті Тулеев Айдарға берілді.

  Құрмет дипломы және демеушінің бағалы сыйлығынан бөлек, Айдар фестиваль ұйымдастырушыларының басты сыйлығы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бір жылдық тегін оқу мемлекеттік грантының жеңімпазы атанды.

   Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімі.


0
6155

пікірлер

пікір қалдыру үшін.