Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Табысты тәжірибе

Табысты тәжірибе

07 Желтоқсан 2016

Қарағанды Мемлекеттік Индустриалды Университетінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың заманауи мәселелері»тақырыбында IV республикалық ғылыми-тәжірибелік  конференция өтті. Конференцияға «Мейіргер ісі» мамандығының  студенттері  қатысып, «Салауатты өмір салты және оның құрамдас бөліктері" секциясында баяндама оқыды.

IV курс студенті Ольга Зоринаның баяндамасы медициналық ЖОО студенттерінің  энергетикалық сусындарды тұтынуының психологиялық аспектілеріне арналды. Осы мәселенің өзектілігі студенттердің ЖОО студенттеріне тән кешенді факторлардың әсеріне ұшырауы, мәселен, ұйқының қанбауы, таза ауада аз жүру, оқыту жүктемесіне байланысты гиподинамия. Туындайтын жүйке жүйесі эмоциялық жүктемені алып тастау керек. Бұны әр түрлі жолмен – спортпен айналысу, белсенді демалыс, хобби, сондай-ақ, соңғы жылдары сәнге айналған энергетикалық сусындардың көмегімен шешуге болады. Соның салдары студент жастардың энергетиктерге тәуелді болуына соқтырады.

"Мейіргер ісі" мамандығының ІІІ курс студенттері  Ғайша Оспанова мен  Жансая Сағымбекова өз баяндамаларында СӨС қалыптастыруға деген студенттердің көзқарасын  ұсынды.

Ольга Зорина конференцияға қатысқаны және  3 орынға ие болғаны үшін  мақтау қағазымен және сыйлықпен марапатталды. Ғ. Оспанова және Ж. Сағымбекова конференцияға белсенді  қатысқандары үшін мақтау қағазымен марапатталды.

"Мейіргер ісі" мамандығының студенті Ольга Зорина үлкен аудитория алдында ғылыми баяндама жасау жақсы тәжірибе  болды, деп есептейді: - Мен бірінші жетістігіме ризамын.  Бұл жай конференцияға қатысу ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық зерттеу жұмыстарын  дайындауда жауапты сәт. Енді менің ғылыми баяндаманы көпшілікке ұсынуда  тәжірибем бар, осы мәселе бойынша ғылыми жұмысты одан әрі нәтижелерге қол жеткізуде қандай күш-жігер қажет  екенін білемін,- дейді  Ольга Зорина.

Менің ғылыми жетекшім Н.Н. Седачтың арқасында мен алғаш рет  конференцияға қатыстым. Енді, өзімнің және басқа да қатысушылардың сөйлегендерін  талдай отырып, өзімнің ғылыми әлеуеті мен имиджім тұрғысынан жұмыс жасау керек деген шешімге келдім!

Бұл конференция білімімізді кеңейтуге және алға қойған, жаңа мақсаттарға жетуге тамаша мүмкіндік  берді!

Ольга Зорина, "Мейіргер ісі" мамандығының IV курс студенті 


0
6631

пікірлер

пікір қалдыру үшін.