Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біз дәл сіздің осы мамандықты таңдағаныңызға өте қуаныштымыз!

Біз дәл сіздің осы мамандықты таңдағаныңызға өте қуаныштымыз!

06 Желтоқсан 2016

2011 жылдан бастап ҚММУ клиникаға кіріспе кафедрасының ассистенттерімен №1 қалалық клиникалық аурухана филиалы (Пришахтинск ауданы) базасында 1 және 2 курс студенттері арасынан стационарда өз еркімен науқастарды күту жұмыстарын ұйымдастыру шаралары жүргізілуде.

Әдетте әр жылы белсенді бірінші курс студенттері оқу уақытын бір қалыпқа келтіріп алған соң, шамамен, қазан айының ортасында аталмыш іс-шараларға қатысады, ал Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген студенттер Қарағанды қаласына үйрене бастайды.

Клиникаға кіріспе кафедрасы студенттердің ауруханаларға баруға, науқастарға күтім жасау ережелерін үйренуге, стационар жұмысымен танысуға, дезинфекциялау ережелерін нақты меңгеруге мүмкіндік беретін ауруханадағы санитарлық-эпидемияға қарсы режим, емдеу-күзету режимні сақтау үшін зарарсыздандыруға үйрететін алғашқы кафедралардың бірі болып табылады.

Әрине, кафедраның бірінші кезектегі міндеті - студенттерге зақым келмеу жағын, денсаулықтарына теріс әсер бермеуін қарастыру, сондықтан да клиникаға кіріспе сабақтарында қауіпсіз аурухалық орта секілді тақырыптарға аса мән беріліп, көп көңіл бөлінеді.Яғни,мұнда  студенттер көріп білмеген, күтпеген жағдайларда өздерін қалай ұстау керектігін, ауру науқасты каталкадан кереуетке қалай көшіру керектігін және көптеген тағы басқа ережелерді үйренеді. Бұдан бөлек, студенттер аурудың функционалдық жағдайына (қызуын, артериалдық қысымды өлшеу, пульсты санау, құжаттарда диурезді тіркеу және тағы басқа жағдайларға) баға бере алу қабілетіне үйренеді.

Медқызметкерлер студенттерді үнемі тағатсыздана күтіп отырады, олардың жұмысына көп көмектерін береді, себебі, мейірбике ісі бөлімшесіндегі бір медбике және екі санитар қарт кісілермен тілдесуге, көңілін көтеруге, жеңіл массаж жасауға, жаман ойлардан арылтуға үлгере бермейді.  Және дәл осы кезде бірінші курс студентеріне деген қажеттілік артады. Екінші курс студенттері терапиялық бөлімшеде жұмыс атқарады: олар медбике постында, ем-шаралар кабинетінде және жалпы бөлімше ішінде түрлі жұмыстар жүргізеді.

Көптеген студенттер нақ осы жерде жай манекендерде емес, тірі науқастармен жұмыс істегенде ғана ашылады.

ЖОО түсетін көптеген студенттердің мұны романтика ретінде қабылдап, оның қаншалықты ауыр мамандық екендігін, оған көптеген қажырлы еңбек пен шыдам керектігін сезінбей, білмей баратындықтары бізге жұмбақ емес. Тек ауруханаларда жұмыс істеп, ең болмағанда бір түн кезекшілікті атқарғаннан кейін ғана мұны түсіне бастайды.

Әрине, студенттердің жұмысы – ол стационарға шынайы көмек көрсету, ал студенттердің өздері үшін жақсы тәжірибе және әрі қарайғы оқуында ынталандыру болып табылады. Қазіргі уақытта медициналық көмек көрсету көбіне емханалық қызметке бағытталған, стационарда ауыр, психологиялық қолдауды, ерекше  күтімді, назарды қажет ететін науқастар болады.

Студенттер төсек - орынды ауыстыруға, жатып қалудан пайда болатын жаралардың алдын-алу, науқастарды түрлі ем-шараларға  апаруды, қатты ауырған науқастың жанында кезекшілік ұйымдастырып, оған қарау, жеке пост кезекшіліктерін жасауға көмектеседі.

Біздің контингент егде жастағы адамдар екендігі белгілі, студенттердің оларға жаны ашиды, шамасы келгенше жағдайларын жеңілдетеді, ал олар қайтыс болған жағдайда қатты қайғырады.

Өткізілген жұмыстар үшін аурухана басшысы және бөлімшенің бас мейірбикелерінен, посттық медбикелерден көптеген алғыстар айтылып жатады. Олар: біз сіздің дәл осы мамандықты таңдағаныңызға өте қуаныштымыз деп айтады!

 

Клиникаға кіріспе кафедрасының ассистенті  С.Е.Халмурадова



0
6464

пікірлер

пікір қалдыру үшін.