Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
АИТВ алдын алу туралы не білесің?

АИТВ алдын алу туралы не білесің?

06 Желтоқсан 2016

ЖИТС қарсы дүниежүзілік күрес күні орай айлық шараны иммунология және аллергология кафедрасының қызметкерлері Р.Т.Кожанова, Б.С.Қошқарбаева «Жалпы медицина» мамандығының 3-курсының 3-016, 3-040, 3-044 топ студенттерімен бірлесіп АИТВ алдын алуға арналған ашық сабақ өткізді. 

  Бұл сабақтың мақсаты - мәселеге адекватты қарауды қалыптастыру, әртүрлі жағдайларда АИТВ жұқтырып алу қауіпінің дәрежесін анықтау.

3-016 топтың студенттері Зәрубаев Руслан, Дәулетбеков Данияр, Қырықпаева Аяна, 3-040 топ студенттері  Әуесқали Ақбота, Мукупов Досжан АИТВ инфекциясын жұқтыру жолдары және  қауіпсіздік шаралары, АИТВ/ЖИТС патогенезі, клиникасы, диагностикасы туралы ақпараттарды ұсынды.  Жағдаяттық есепті мысалға ала отырып, АИТВ жұқтыру қаупі бар апат жағдайы туындаған кезде әрекет ету алгоритмі бойынша сұрақтар қарастырылды. Барлық қатысушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу жөнінде ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

Бұл мәселені талдауға студенттер белсенді қатысты, білім алушылардың жоғары белсенділіктері мен қызығушылықтары бұдан былай жастар үшін  осы мәселе бойынша сұрақтарды талқылауды жалғастыру қажеттігіне куәландырады. Берілген ақпараттарды бекіту мақсатында студенттерге «АИТВ алдын алу туралы не білесің?» тақырыбына эссе жазу ұйғарылды.

Ашық сабаққа шақырылған стоматологиялық клиниканың бас дәрігері А.С.Калина стоматологияда АИТВ инфекциясын алдын алу жөнінде сұрақтарға жауап берді.

Иммунология және аллергология кафедрасы


0
6694

пікірлер

пікір қалдыру үшін.