Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
АИТВ инфекциясының алдын алу

АИТВ инфекциясының алдын алу

06 Желтоқсан 2016

Иммунология және аллергология кафедрасында АИТВ инфекциясының алдын алуға арналған айлық іс-шаралар аясында өткізілген шаралар:

2016 жылдың 14 қарашасында жалпы медицина мамандығының 5-курс студенттері Джилимбаева Гулнара, Исатаева Асель, Караваева Алина, Кабдуллина Ботагоз, Шатагулова Эльвирамен кәсіптік бапкердің жетекшілігімен Теміртау қаласының № 8, 16, 27, 103 8 -сыныптарына арналған «АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында тренинг өткізілді. Студенттер оқушылармен «АИТВ/ЖИТС деген не?» деген тақырыпта әңгіме жүргізді, кейін берілу жолдарын, қорғану әдістерін және алдын алу жолдарын белсенді талқылады. Шара коллаж конкурсымен аяқталды, ең үздік жұмыстар сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды, ал әрбір қатысушыға сертификат берілді.

2016 жылдың 25 қарашасында кафедра жетекшісі М.А. Газалиева және кафедра ассистенті М.Р. Измайлович жетекшілігімен 3060, 3067, 3072, 4001а, 5075, 5076 топтарының студенттерімен Гоголь 40 көшесі орналасқан № 4 оқу корпусының және Алалыкина 7 көшесіндегі № 2 оқу корпусының холлында акция жүргізілді. Студенттер «АИТВ инфекциясының алдын алу» деген тақырыбында парақшалар таратып, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

2016 жылдың  30 қарашасында ЖИТС орталығындакафедра ассисстентіМ.Р Измайловичтің ұйымдастыруымен, жалпы медицина мамандығының 3-курс студенттеріне «АҚТҚ инфекциясының алдын алу. Кәсіби жұқтыру қаупі» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті. ЖИТС орталығының алдын алу және күрес бойынша дәрігер-эпидемологы Кузнецов Николай Павлович кәсіптік жұқтыру, алдын алу әдістері және шұғыл көмек туралы баяндамамен шықты.  СНК студенттері Жолшыбек Нұрмахан, Аскаров Ерболат , Ержанов Арман, Жаксылык Мухит, Рымбаева Дана, Сейткерим Жансая презентация қорғады. Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірі бойынша, таңдалған тақырып актуальды, тәжірибелік мағынасы бар және үлкен қызығушылық тудырды. Шараға ЖМ және стоматология  3- курс декан орынбасары М.С. Абдыкалыкова,  кафедра меңгерушісі Р.Т  Кожанова қатысты.

  2016 жылдың желтоқсанында стоматология клиникасының базасында «АИТВ инфекциясының алдын алу. Кәсіби жұқтыру қаупі» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.


0
6588

пікірлер

пікір қалдыру үшін.