Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Қант диабетімен дүниежүзілік күрес күні»

«Қант диабетімен дүниежүзілік күрес күні»

28 Қараша 2016

Қант диабетімен дүниежүзілік күрес күні Балалар аурулары №2 кафедрасы, кафедра меңгерушісі м.ғ.д. профессор Б.Т. Тукбекова, 6 курс, 6-026, 6-027, 6-028 топ интерндерімен қант диабетінің алдын алуға бағытталған мерекелік іс−шара өткізілді.

Іс−шара ұйымдастырушылары: 6- курс тәлімгерлері м.ғ.к., и.о профессор  С.Т.Кизатова  және кафедра ассистенті, 6-курс интерн-педиатрларының  кураторы  Г.А. Сарманкулова,  сонымен қатар интерн-педиатрлар 6-026 топ  (Ф.Т Усенова, Қ.Ондабаева, Д.Қаймолда, Ф.Ибрагимова) 6-027 топ (А.Абил, Ж.Динкешова, Ф.Қожалимова, А.Қалдыбекова, А.Қалдыбаева, М,Татиева), 6-028 топ (Қ.Сарсенбаева).

Берілген іс−шара мақсаты- білімді кеңейту, қант диабетінің қоғамдағы маңыздылығы, ерте және кеш асқынуларының мәселесі, мүгедектік. Іс−шараға штаттан тыс эндокринолог дәрігер М.В. Казанцева қатысып, ауруды емдеудегі инновациялық технологияларға тоқталып өтті.

Берілген іс−шараға барлық интерндер белсене ат салысты. 6-курс интерндері ойын формасында балалардағы қант диабетінің пайда болуын көрсетті. Алынған ақпаратты бекіту мақсатында интерндер қант диабетінің классификациясын, этиологиясын, патогенезін, клиникасын білуге ойын ұйымдастырылды.

Өткізілген іс−шарада: домбырамен күй, «Уақыт» өлең жолдары оқылды. Іс−шара жүргізушісі Қалдыбекова Арайлым.

Осы іс−шараны балалардың «Қант диабеті мектебінде» өткізу жайлы шешім қабылданды, сонымен қатар НИР және RBL түрінде өткізу.

Г.А Сарманкулова.Балалар аурулары №2 кафедрасының ассистенті


0
6437

пікірлер

пікір қалдыру үшін.