Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жастар және ғылым

Жастар және ғылым

22 Қараша 2016

2016 жылдың 10 қарашасында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде дүние жүзілік ғылым күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияға студенттер, жас мұғалімдер және магистранттар қатысты.

Сонымен қатар, гистология кафедрасы да конференцияға қатысуға студенттер дайындады. Конференцияға ағылшын тобының студенттері Шарма Панкадж Кумар (2010 топ) «Embryology» баяндамасымен, Исатай Сания және Сыздыкова Аяулым (3003 топ) «Histological characteristics of myocardial hypertrophy» баяндамасымен, Поония Лакшман (3010 топ) «Structural and functional characteristics of vascular system (Blood vessels)» баяндамасымен және Ядав Яшдиип (3002а топ) «Structural and functional characteristics of lymphatics» баяндамасымен қатысты. Олар конференцияға қатысқаны үшін және жақсы баяндамалары үшін сертификаттар алды.

Студенттер баяндамаларын қорғағаннан кейін балалар хирургиясы кафедрасының доценті Бисмильдин Хабибулла Букеевич өз ойымен бөлісті. Өзінің тәжірибесімен бөлісе отырып, баяндамашылардың таныстырылымында көрсетілген аса өзекті мәселелерге тоқталды.

Ғылыми баяндамамен үлкен аудиторияның алдына шығу – жеңіл жұмыс емес. Бұл конференцияға жай қатысу ғана емес, ауқымды шығармашылық, зерттеушілік еңбек. Бастысы, студенттер ғылымның бірінші баспалдағына көтерілді, батылдықпен өздерінің алғашқы қадамын жасады. Енді оларда өз жұмыстары бойынша тәжірибелері бар. Біз осындай студенттерімізбен мақтанамыз және олардың ғылым жолы оқудағы жоғарғы жетістіктерімен толысатын болады.

Әсіресе, шетел студенттері өздерінің бірінші жетістіктеріне өте риза болды. Бұл олардың бір жағынан, көңіл-күйлерінен, басқа жағынан өздерінің баяндама жасап болғаннан кейінгі әсерлерімен өзара бөліскенінен байқалды. Енді студенттер зерттеу жұмыстарынан жоғары жетістіктерге жету үшін қандай күш жұмсау керектігін біледі.

«Соның арқасында біздер бірінші рет осы конференцияда қатыстық. Мұнымен тоқтамаймыз! Сертификат алған қандай жағымды – бұл біздің жұмысымыздың нәтижесі. Сонымен бірге, енді біз қандай кемшіліктеріміздің бар екенін білеміз. Алдағы уақытта тақырыпты бұдан да кең ауқымда ашып, бізбен қаралған мәселенің өте өзекті екенін дәлелдеп көрсетуіміз қажет», - деді конференцияға қатысқан студенттердің бірі.

Мұндай конференциялар студенттерге өз білімдерін кеңейтіп, тереңдетуге мүмкіндік береді. Біз оларға өз қабілеттерін одан әрі дамытып, оқуда үлкен жетістіктерге жетуін тілейміз.

М.Ж. Әлиева

Гистология кафедрасының оқытушысы


0
6768

пікірлер

пікір қалдыру үшін.