Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Астанадағы турнир

Астанадағы турнир

21 Қараша 2016

Астанада «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кубогіне XIV Республикалық пікірталас турнирі болып өтті. Турнир Қазақстан Республикасының 25 жылдығын мерекелеуге арналды.

  Турнир екі форматта өтті: Америкалық Парламенттік  (APD) және Линкольн-Дуглас (LD).  Турнирге Қазақстанның барлық  облыстарынан студенттік командалар қатысты. Қарағанды облысынан Қарағанды мемлекеттік медицина университеті «Намыс» пікірталас клубының қатысушылары  Зарлықова Ұлжан (4-047 ЖМ) және Надира Жайбағысова  (3-001 ТФП) қатысып қайтты.

  Турнир қорытындысы бойынша қыздарға қатысқандары үшін сертификаттар және бағалы сыйлықтар табысталды. Келесі XV турнир 2017 жылы Алматыда өтеді.

  «Намыс» пікірталас клубы ҚММУ ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетоваға, сонымен қатар, Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімге турнирдің дайындығына көмектескені үшін алғыстарын білдіреді.

  Ұлжан Зарлықова, Жайбағысова Надира


0
6524

пікірлер

пікір қалдыру үшін.