Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Өкпе обырының алдын алу және темекі тартумен күрес

Өкпе обырының алдын алу және темекі тартумен күрес

18 Қараша 2016

«Денсаулық» жол картасы бағдарламасы аясында салауатты өмір салты шаралары бойынша 10 қазанда онкология кафедрасы «Өкпе обырының алдын алу және темекі тартумен күрес» тақырыбында ҚММУ Гоголь к-сі, 36 мекенжайындағы корпусында дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге «Жалпы медицина» мамандығының 4 және 5 курс студенттері шақырылды. 5- курс студенттері К. Кученкова, М. Болатова және Р. Асхат қызықты презентациялар дайындап, ұсынды. Олар аудиторияға дүние жүзінің барлық елінде өкпе обыры дамып жатқанын айтты; өкпе обыры ширек ғасыр басында сирек ауру деп саналса, 45 жастан асқан ерлер өлімінің жиі себебіне айналды. Сонымен қатар, баяндамашылар темекінің түтіні өкпе обырын тудыратынын соңғы жылдары тәжірибелі, клиникалық, статистикалық жұмыстар сенімді дәлелдегенін атап өтті.

Студенттер баяндамаларында темекі бұйымдарының құрамын, пассивті темекі тарту зияндығын көрнекілеп көрсетті. Студенттер достық көңіл-күйде тақырып өзектілігін талқылап, сұрақтар қойды. Залда темекі тартатын адам бар ма деген сұраққа аудиторияда отырған барлық тыңдаушының қайтарған теріс жауабы қуантты. Дөңгелек үстелдегі жиналыс студенттер үшін өте мазмұнды болды. Дөңгелек үстелге қатысушылар темекі тартумен күрес бойынша салауатты өмір салтына белсендірек жұмыстар қажет деген қорытындыға келді. Университетте оқитын студенттің салауатты өмір салты нені білдіретіні туралы талқыланды.

Бірауыздан тек салауатты өмір салтын ұстанамыз деген шешім қабылданды!

М. Маратқызы

Онкология кафедрасының ассистенті


0
6536

пікірлер

пікір қалдыру үшін.