Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Объективтік тағылымға субъективтік таным арқылы

Объективтік тағылымға субъективтік таным арқылы

15 Қараша 2016

Білім игеру процесі – қайталау емес, ал сабақ - тексеру емес.

Қараша айының 5 жұлдызында университетіміздің қазақ тілі кафедрасында «Жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары» тақырыбымен кәсіби қазақ тілі пәнінен ерекше мағыналы ашық сабақ өтті. Сабақ  ф.ғ.к., доцент М.А.Маретбаеваның жетекшілігімен қолданысқа енді ие бола бастаған зерттеуге бағытталған RBL әдісімен жүзеге асты.

Сабақ өте жүйелі, жинақы, жан-жақты болды. Студенттер жинақтаған білімдерін кәсіби бағдарда ұтымды пайдаланып, ғылыми жобалар қорғады, жаңа ақпараттарды ортаға салды, ойын да ойнады, тіпті өз-өздеріне сарапшы, сыншы да бола білді. Доценттің шәкірттері құзіретті, қабілетті.

Сабақ баршамыздың көңілімізден шықты. Себебі жаңашыл да танымды, тәрбиелік мәні зор зерделі сабақ болды.


0
6705

пікірлер

пікір қалдыру үшін.