Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ауруханалық күлдіргілер

Ауруханалық күлдіргілер

14 Қараша 2016

8 қарашада Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім Театр өнері үйірмесінің қатысушыларымен (жетекшісі Жібек Жұмаділова) «Ауруханалық күлдіргілер» жобасы шеңберінде кезекті қайрымдылық акциясын өткізді. «Ауруханалық күлдіргілер» -  бұл балаларды сауықтыру жүйесіндегі жаңа сөз, қиын аурулары бар балаларды дәрілермен емес жағымды эмоциялармен емдеу. Сауықтырудың осы түрі көптеген елдерде қолданыста және кішкентай пациенттердің көңіл-күйлеріне жағымды әсер ететіндігі ғылыми дәлелденген.

  Осы жолғы көңілді күлдіргілер: қонжық «Винни пух» ( Капезов  Темірлан 3-001 ЖМ), «Тышқан» (Батажан Камила 1-002 МПІ) және «Мысық» (Бекетова Фарида 1-001 ТФП) Қарағанды қ. «Балалар ауруханасы» ҚМК бөлімінде емделіп жатқан  балаларға кішкентай болса да мереке сыйлап қайтты.

  Әдемі костюмдер киген күлдіргілердің келуі  балаларды қатты қуантты. Кішкентай пациенттердің жүздері күлімдеп, олар бірге ойнап, жұмбақтар шешті. Әсіресе балаларға «У дяди Абрама» қозғалысты ойыны және «Угадай сказочного персонажа» викторинасы ұнады. Ең белсенді және зейінділер естелік сыйлықтарына ие болды.

  Науқанымыз балалардың көңіл-күйлерін көтеріп, көпке дейін болмаса да өздерінің ауруларын ұмыттырғанын білу біз үшін өте жағымды болды.

  БатажанКамила (1-002 МПІ).


0
6777

пікірлер

пікір қалдыру үшін.