Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
№2 ЖжКМК кафедрасында өрт қауіпсіздігі бойынша жаттығу

№2 ЖжКМК кафедрасында өрт қауіпсіздігі бойынша жаттығу

09 Қараша 2016

ҚММУ ректорының «Апатты жағдайлар бойынша жаттығулар өткізу» №171 бұйрығы 13.09.2016 жылы жарияланды. 2016 жылдың 28 қазанында №2 ЖжКМК кафедрасы ұжымымен «Өрт» әрекеті бойынша оқу өткізілді. Жаттығуға «ЖМ және С» 5 - курс факультетінен 20 студент және 9 негізгі қызметкерлер қатысты.

Оқуға дайындық жоспар бойынша өтті, бұл жаттығудың өткізілуінде оңды нәтижесін берді және кафедраның жеке құрамының әрекетін үйлестіруге көмегі тиді.

Оқу «Өрт» сигналы алғаннан кейін жүргізілді, бірден факультет деканатына хабардар етілді. Кафедра меңгерушісі Г.С. Жумабекова кафедра қызметкерлерімен студенттерінің әрекетіне жалпы басшылық етті.

Жаттығуды кафедраның оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Ю.Л. Ганжула және АҚ бойынша көмекші А.С. Айдарбекова жүргізді. Кафедра ПОҚ коридорда жиналды, барлық қуат көздері ажыратылған болатын, түтін аймағынан студенттермен зертханашыларды көшіру ұйымдастырылды. Барлық әрекеттер нақты үйлестірілді, дереу жүзеге асырылды, осыған орай ПОҚ және студенттер арасындағы дүрбелеңді болдырмауға себеп болды.

Осы жаттығудың мақсаты апаттық жағдайды жою үшін өрт болған кезде кафедрада қалған қызметкерлердің өз күштерімен жеке құрамға хабардар беру қабілетін тексеру болды. Сондай-ақ апаттық жағдай кезінде қызметкерлердің өз міндеттерін орындай алу қабілеттерін, жеке құрамды және студенттерді қауіпсіз жерге қауіпсіз көшіруді жүзеге асыруын тексеру болды.

Қойылған тапсырмамен жеке құрам міндетін «жақсы» атқарды. Қойылған тапсырманы орындау кезінде жеке құрам әріптестер және студенттер өмірі үшін жауапкершіліктерін көрсетті. №2 ЖжКМК кафедрасының қызметкерлері және студенттері ТЖ кезінде кез келген сипаттағы әрекетке «Дайын» екендіктерін көрсетті.

Мұндай жаттығулар әрқайсымыз үшін өте маңызды және қажетті болып табылады. Олар өз қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге, ТЖ жағдайлары кезінде құрбансыз мәселені шешу үшін, АҚ және ТЖ саласында өз білімдерін жетілдіруге көмектеседі.

№2 ЖжКМК кафедрасының ұжымы


0
6702

пікірлер

пікір қалдыру үшін.