Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Еліңнің Конституциясын біл!

Еліңнің Конституциясын біл!

08 Қараша 2016

31 қазанда Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да Қазақстан Республикасы елінің негізгі заңдарын білуге олимпиада болып өтті.

Әр азаматтың өміріміздегі барлық салалардан дұрыс хабардар болу үшін мемлекеттің негізгі заңдарын білуі қажет.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен «Намыс» және «INSIGHT» пікірталас клубтарының қатысушылары Олимпиадаға қатысты.

 Олимпиада біздің жаңадан қатысушылармыз үшін бірінші сайыс болды және үш кезеңнен тұрды.

Бірінші кезеңде командалар Конституция тақырыбына эссе жазды, екіншіде заң шығару біліміне тесттен өтті.

Бұл құқық саласында білімді қажет ететін өте ауыр кезең. Үшінші кезеңде дебатшыларымыз өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті – білікті әділ-қазылар ҚММУ командасы салған қабырға газетін атап өтті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша екі комадамыз да III орын алды:

3 орын - «INSIGHT» пікірталас клубы:Тлеукенов Тұрар (1-031 ЖМ), Ловинецкий Константин (3-061 ЖМ) және Ан Татьяна (3-010 Стом);

  3 орын – «Намыс» пікірталас клубы: Анварбек Айғаным (2-012 ЖМ), Сапаралиева Динора (2-020 ЖМ) және Қадырбаев Сұлтанғали (1-014 ЖМ).

  Барлық қатысушылар құрмет дипломдарымен марапатталды, ең бастысы - әр дебатшылардың әр қайсы осындай жұр алдында сөйлеуге тәжірибе жинай бастауы.

   Игорь Фисенко (4-081 жМ)

 «INSIGHT» пікірталас клубының жетекшісі.


0
6598

пікірлер

пікір қалдыру үшін.