Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академиялық ұтқырлық бойынша Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ЖезУ-не сапары

Академиялық ұтқырлық бойынша Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ЖезУ-не сапары

08 Қараша 2016

17.10.2016 – 27.10.2016 жыл аралығында Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасыныңмеңгерушісі Қ.А.Темірғалиев және кафедраның аға оқытушысы А.Б.Долгополов О.А.Байқоныров атындағы Жезқазған Университетіне ЖОО-ның ПОҚ академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде сапары болды.Бұрынырақ бекітілген тақырыптық жоспармен Гуманитарлық-педагогикалық және Тау-технологиялық институттардың 1-ші және 2-ші курстарының академиялық топтарында «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» және «Дінтану» пәндері бойынша дәрістер оқылды және тәжірибелік сабақтар жүргізілді. 

  Сабақтар оқытудың белсенді әдістерін қолданумен өткізілді. Сабақтарда деректі бейне құжаттар, баяндамалар қолданылды, ЖезУ студенттерімен Қазақстанның қазіргі заман тарихы және дінтану мәселелерін талдау барысында пікір-таластар ұйымдастырылды.  Бақылау тапсырмалары ретінде тақырып бойынша жезқазған студенттері ҚММУ студенттерінен Қазақстанның қазіргі заман тарихының кейбір мәселелеріннен бейне сұрақтарын «пайдаланды» (Санжар Жуманбаев – 2 курс ЖМ, Адель Абенова – 3 курс ЖМ), ол аудиторияның жоғары ынтасын тудырды.

Сонымен қатар кафедра меңгерушісі Қ.А.Темірғалиевпен оқытушылар үшін «Қазіргі заманның сын-тегеуріндері мәнмәтінінде қоғамдық ғылымның әдістемелік дағдарысы туралы» тақырыбында мастер класс жүргізілді. Дәріс алдында Қ.А.Темірғалиев, кафедраның аға оқытушысы А.Б.Долгополов ЖезУ оқытушыларын ҚММУ-де, кафедрада қолданылатын әлеуметтік-саяси пәндерге студенттерді оқытудың белсенді әдістерімен қысқаша таныстырды: ол дәрістер-баяндамалар, Қазақстан тарихы бойынша қысқаша бейне дәрістер түсірмелері (соның ішінде авторлық құқық туралы куәлік бар); ол ҚММУ студенттерінің біздің кафедра оқытушыларымен бірге қазақ халқының бай мәдени мұрасын және біздің жұмыстың басқа түрлерін насихаттау үшін сапарлар.

  Қ.А.Темірғалиевтің мастер класс шеңберінде өткізілген дәріс оқытушылар тарапынан қызығушылық танытты. Оның нәтижесі бойынша  сауалнама жүргізілді, оны талдауда біздің Жезқазғандық әріптерістеріміз біздің кафедраның оқытушыларымен сабақ өткізу әдістеріне (PBL, TBL, RBL) қызығушылық танытқандарын көрсетті, сонымен қатар Қазақстанда қоғамдық ғылымдардың әдістемелік дағдарысы тақырыбын талдау үшін өте маңызды деп санайды.

Қ.А.Темірғалиевтің мастер класс шеңберінде тәжірибелік сабақ жүргізу барысында пікір-таластар өтті, ол оқытудың белсенді әдістері бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында болды.

Қонақжай «қожайын» ретінде ЖОО-ның басшылығына таныстырған, сонымен бірге техникалық құралдарды сақтау үшін өзінің жұмыс кабинетін ұсынған, сабақ үшін ыңғайлы аудиторияларды уақытында ұйымдастырған және біздің кезекті сабақтарымыздың уақыты және орны туралы өзінің оқытушыларына жеткізген, соңында біздің жағдайымызды жасаған ЖезУ-нің профессоры Т.К.Алланиязовты атап айтуға болады.

ПОҚ ұтқырлық мобильділік шеңберінде ЖезУ-нің студенттерімен өткізілген сабақтар нәтижесі бойынша Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша дәрістер мен тәжірибе сабақтары аяқталғаннан кейін бірнеше рет сауалнамалар жүргізілді. Сауалнама талдауы ұсынылған түрде сабақтар тақырыбын студенттердің көбі меңгергендігін көрсетеді, сонымен қатар біздің ЖОО-ыз ҚММУ мен ЖезУ басшылықтарына ПОҚ академиялық ұтқырлығы шеңберінде оқытушылардың осындай сапарларының мүмкіндігіне ризашылығын білдірді.

28.10. 2016 ж.

Қазақстан тарихы және ӘСП

кафедрасының меңгерушісі    К.А. Темиргалиев

Кафедраның аға оқытушысы  А.Б. Долгополов

Аудармашы:  А.Т. Бакирова 


0
7476

пікірлер

пікір қалдыру үшін.