Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Интернат-үйінде «Күзгі бал»

Интернат-үйінде «Күзгі бал»

04 Қараша 2016

1 - қарашада Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімі Ынталы студенттер клубымен, ЖЖБ маманы А.С. Машрапованың жетекшілігімен даму мүмкіншіліктері шектеулі балалар үшін балалардың интернат-үйіне барып қайтты.

Біздің келуіміз балаларды қатты қуантты. Балалар  үйінің тәрбиеленушілері біздерге арнап «Күзгі бал» аталатын ертеңгілікті дайындады.

Мерекелік іс-шараны өткізуге балалар тиянақты дайындалды – қабырғалар күзгі тақырыпқа сай көркем суреттермен әрленді, әр  тәрбиеленуші күзгі атрибуттар – розалар немесе күзгі жапырақтардан жасалған білезіктермен болды.

ҚММУ студенттері «Бізге күз келді!» тақырыбына мерекелік бағдарламаны дайындады, мереке барысында балалар үйінің тәрбиеленушілерін бірнеше биді билеуге үйретті, көптеген ойындарға, қызықты сауалнамаларға және конкурстарға  қатысты. Сонымен қатар балаларды «ЫСК» белсенділер дайындаған сыйлықтар және фото түсірілім, мерекеге жайылған дастархан күтіп тұрды.

Іс-шараның соңында балалар біздерге өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын бүгінгі күннің естелігі ретінде сыйға тартты.

Гаджиева Рагимат

Ынталы студентер клубының жетекшісі


0
6757

пікірлер

пікір қалдыру үшін.