Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Кітапханасының бөлімшелерінің жұмыс үрдісін жаңарту

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Кітапханасының бөлімшелерінің жұмыс үрдісін жаңарту

03 Қараша 2016

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің кітапханасы – отандық және шетелдік баспалардың оқу-білім беру және ғылыми әдебиеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық, мәдени және білім беру орталығы, ғаламтор желісінде түрлі ақпараттық ресурстарға және түрлі білім беру базаларына қол жеткізуді қарастырады.

Түрлі қызметтік үрдістердің ауқымын жүзеге асыру Кітапхана бөлімшелерінің қызметкерлерінен замануи ұжымдық ІТ сервистерді табысты түрде пайдалануды талап етеді. Қызметтік тапсырмалардың белгілі бір бөлігі ЖООның ұжымдық web - portal.qmu.edu.kz порталының және ЖООның студенттік web - sp.qmu.edu.kzпорталының құралдары мен функцияларының көмегімен жүзеге асырылады. Мысалы, бөлімше сайтының бетерінде ақпараттық хабарламаларды жариялау, кез келген құрылғыдан (компьютер, планшет, смартфон)ЖОО барлық қызметкерлері мен студенттеріне қолжетімді қызметтік және білім беру сипатындағы құжаттарды орналастыру. ҚММУ кітапханасы ақпаратты жинау және өңдеудің ескірген әдістерінен заманауи және айтарлықтай ыңғайлысына ауысып келе жатқан бөлімшелердің бірі. Microsoft Forms жаңа web сервисінің көмегімен ЖОО қызметкерлерімен қашықтықтан әдебиеттерді ұзартуғаоқырмандардан өтініштерді қабылдау және өңдеу жүзеге асырылады.

web форманы пайдаланудағы басымдылық –  кез келген қызметкерден және студенттен ақпаратты жіберудегі қолжетімділік (бұл жағдайда сұраным), кез келген уақытта, кез келген құрылғыдан. Бұл уақытты айтарлықтай үнемдейді. Бұрынырақ бұл үрдіс оқырманның жеке қатынасымен орындалған және өтінімді қолмен толтыру талап етілген. Форманы жүктеп алған соң толтырып, ЖОО қызметкерінің электронды поштасына жіберу керек, ол жерде «Ұзарту» тақырыбын көрсету керек. Кітапхананың кейбір пайдаланушылары үшін аталған үрдіс осы күнге дейін ыңғайсыз болып келген – форманы (құжатты) ашу, толтыру және оны жіберу арнайы орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етусіз (кеңселік қосымшалар бумасы) ұялы телефондарда қолжетімсіз. Одан басқа әдебиеттерді ұзарту туралы өтініш алған қызметкер өтінімді жекелей өңдеуі керек, өтініштердің құжаттары жеке хабарламаларда сақталған, ол одан әрі талдау мақсатында бір құжатқа пайдаланушының (оқырманның) өтініштерінің барлық мәліметтерін шоғырландырудың үрдісін қиындатты.


Webсервис MicosoftFormsбілім беру мекемелері үшін әзірленген және ЖООның барлық студенттері мен қызметкерлерінің пайдалануы үшін қолжетімді. Ыңғайлы формада on-line сұраным, анкеталау, тестілеу жүргізуге, өтінімдер мен т.б. қабылдауға мүмкіндік жасайды.  Microsoft Forms ақпаратты жинау және талдау кезінде уақыт үнемдейді ЖОО қызметкерлерімен және студенттерімен, сонымен қатар сыртқы пайдаланушылармен өзара қатынас үшін функциялар ұсынады.  Microsoft Forms пайдалану кезіндегі алынатын мәліметтер нәтижелері Microsoft Excel форматының бірыңғай құжатына шоғарыландырылады, ол қажеттілік болса, бөлшектенген талдау және одан әрі өңдеуге (Microsoft Excel қосымшасының құралдарын пайдалана отыр) қажеттілік туындатады, сонымен қатар көрнекі графикалық түрде сервисті қолданушыға жалпы статистиканы ұсыну мүмкіндігіне ие.

Бөлімшенің дамуында маңызды рольді «қайтарма байланысты» алу процесі алады. Microsoft Forms сервисін пайдаланудың табысты үлгісі – «Кітапхана: Болжам мен шындық» маусымдық (жазғы) сұралымы болды, ол Кітапхана бөлімшелерінің қызметкерлеріне оқырмандардан (ЖОО қызметкерлері мен студенттері) келген есептердің негізінде көрсетілетін қызметтердің сапасын анықтау деңгейін анықтауға, кітапхананың одан арғы дамуы үшін бағдарларды таңдауға, оқырмандардың сұранымдарын анықтауға және ұсынылатын қызметтер саласын кеңейтуге мүмкіндік берді. 

Қазіргі кездегі Microsoft компаниясының заманауи ІТ сервистермен ұсынылатын мүмкіндіктері ЖООның «өмірлік циклінде» басымды болып табылады және Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің барлық құрылымдарында күнделікті және оқу-білім беру үдерістерін жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетіндегі ІТ сервистерді пайдаланудағы маңызды демеуді «Компьютерлік көмек» ЖШС жүзеге асырады (Қарағанды қ., Гоголь көш. 40, 253 каб. тел. +7 (7212) 51 33 69, или +7 (7212) 50 52 52).

Н. Костюк




0
7403

пікірлер

пікір қалдыру үшін.