Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Аса қауіпті инфекциялар. Қазір және бүгін».

«Аса қауіпті инфекциялар. Қазір және бүгін».

03 Қараша 2016

20 қазан айында жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында «Аса қауіпті инфекциялар» тақырыбы бойынша конференция өткізілді. Конференцияны  7 курстың «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» дайындық бағыты  7-086 және 7-070 топ интерндерімен, кафедра доценті м.ғ.к. Н.А.Тимченко жетекшілігімен өткізілді, конференцияға кафедрада сабақ өтіп жатқан 4,6, және 7 курс студенттері шақырылды.

Конференцияда сібір жарасымен аурушаңдық және алдын – алудың маңызды мәселелері, кене энцефалитіне қарсы екпенің тиімділігі, Конго Қырым қанды қызбасы мен оба, тулерямия және  ботулизмнің ҚР аумағындағы эпидемиологиялық ошақтары жайлы сұрақтар қарастырылды. Баяндамашылар «Аса қауіпті инфекциялар» төңірегіндегі ҚР және әлемдегі соңғы ғылыми жетістіктер мен енгізулер, өнертабыстар туралы мәлімдеді.

                                                       Сергеева Наталья, Эйснер Татьяна


0
6645

пікірлер

пікір қалдыру үшін.