Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шет тілдер кафедрасында көптілділік клубының бірінші отырысы.

Шет тілдер кафедрасында көптілділік клубының бірінші отырысы.

03 Қараша 2016

28 қазан күні Шет тілдер кафедрасында «Ниет  болса .... (қазіргі әлемдегі көптілді білім берудің мүмкіндіктері мен рөлі)» атты отырысы өткізілді. Клуб отырысына Шет тілдер кафедра меңгерушісі Бурмистрова В.А., ЖМ 1-016, 1-021,1-022,1-023 топ студенттері қатысты.

Отырыс барысында студенттер көптілділік білімнің маңыздылығы, ролі және мәртебесі туралы өз ойларымен бөлісті. Отырыстың негізгі жұмысы 3 тілдегі (ағылшын, қазақ, орыс) викторинаның (блиц-сауалнаманың) өткізілуі болды. Сұрақтар елтану сипатында құрастырылған.  Студенттердің аса қызығушылығын мақал-мәтелдермен жұмыс туғызды, бұл жұмыс кезінде студенттер 3 тілде баламаларды білулері керек болды.

  Отырыс нәтижелерін қорытындылау ретінде  «Topic cards» ойыны өткізілді, бұл ойынның негізгі мақсаты студенттердің белгілі тақырып бойынша сөздік қорларын тексеру болды.


0
6592

пікірлер

пікір қалдыру үшін.