Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алғашқы қадам

Алғашқы қадам

02 Қараша 2016

28-қазан күні Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім ҚММУ студенттерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің бас маманы Мирас Қарғабаймен кездесуін ұйымдастырды.

Мирас Асқарбайұлы студенттерді мемлекеттік аппарат кадрлық потенциалын құруға бағытталған «Алғашқы қадам» жобасымен таныстырды, мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі және заңнамалар біліміне тестілеуді тапсыру ережелері туралы атап өтті. Тестілеуден сәтті өту үшін біздің қонақ студенттерге байқалатын тестілеу мүмкіндігі бар «ҚР мемлекеттік қызмет» арнайы мобильді қосымшаны жүктеуге кеңес берді.  

Іс-шара кезінде біздің студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды. Кездесу аяқталарда Мирас Қарғабай «Алғашқы қадам» жобасы бойынша кеңес алу үшін студенттер сұрақ қоя алатын байланыс мәліметтерін айтты.

Әсел Мамбетова

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім маманы


0
6767

пікірлер

пікір қалдыру үшін.