Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Веста» клубы

«Веста» клубы

02 Қараша 2016

2016 жылдан бастап жастармен жұмыс жөніндегі бөлім бастамасымен ҚММУ-да жаңа «Веста» клубы жұмыс істейді. Клубтың негізгі бағыты отбасылық құндылықтарды насихаттау болғандықтан клубтың барлық қатысушылары бір дауыспен клубтың атауын отбасы ошағының қамқоршысы, рим құдайының атымен Веста деп қоюға келісті.

Жаңа қауымдастықтың басты тапсырмасы бойжеткендер мен бозбалаларды дені сау және берік отбасы құруға дайындау болып табылады. 

Клубты құрудың идеясын Қазақстан тарихы және әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының философия оқытушысы Алма Жоламанова көрсетті.  Оның идеясы университет жастары арасында оң пікірге ие болды. 

Клубтың семинарларында қыздар аз уақытқа оқу процесінен енжар болып, болашақта жақсы әйел және ана болуға қажетті жеке қасиеттерді дамытуға мүмкіншілігі болады. Алғашқы семинарлардың тақырыптары: «Ерлер табиғаты және әйелдер табиғаты», «Бірге жылулықты тоқиық». Алдағы кезде «Бисермен өру», «Жұрт алдында сөз сөйлеу қорқынышынан қалай арылуға болады» және т.б. тақырыптарына семинарлар жоспарланған.

Клубтың ұйымдастырушылары университет бозбалаларын отбасылық психология бойынша семинарлардың қатысушылары болуға шақырады. Бойжеткендермен бірге бозбалалар да отбасылық құндылықтар, отбасыны қалай құру және балаларды қалай тәрбиелеу, ата-аналарын құрметтеу және достармен қарым-қатынастарды қалай құру керек туралы білімдерге ие болуы өте маңызды.

Ақпараттық технологиялар ғасырында біз уақытпен сәйкес қадам басуымыз қажет. Осы мақсатпен ҚММУ студенттік порталында (www.sp.qmu.edu.kz ), «В Контакте» (www.vk.com) және «Инстаграмм» (www.instagram.com) әлеуметтік желілерінде барлық тілек білдірушілер клуб жұмысымен, жоспарланған семинарлармен таныса алатын «Веста» клубының парақшалары ашылған.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
7148

пікірлер

пікір қалдыру үшін.