Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ қабырғасындағы Дүниежүзілік контрацепция күні

ҚММУ қабырғасындағы Дүниежүзілік контрацепция күні

31 Қазан 2016

26 қыркүйек – Дүние жүзілік контрацепция  күні жыл сайын әлем бойынша тойланады. «ЖМ» 6-003 топ интерндері акушер-гинекологтар мамандығының  акушерлік және гинекология кафедрасының жетекші ассистентіР.В.Воробьевамен бірге  ҚММУ жатақханасында  «Контрацепция:  әйел денсаулығын қорғау  тек ол ғана емес ...  » атты білім беру науқаның өткізді. Науқан №1, №3  және№6  жатақханаларда 2016 жылдың 26 -29  қыркүйегі аралығында өткізілді.

Кафедра ассистенті Регина Васильевна айтып өткендей 18-25 жас аралығындағы жастар арасында  контрацепция мәселесі бойынша білімдерін арттыру қажет. Осы жас аралығында жастарға  жыныстық жетілу мен оның салдары туралы қажетті ақпараттар беру қажет, себебі осы жаста жастар өмірлеріндегі ең үлкен қателікке ұрынуы мүмкін.

Студенттер назарына дүниежүзілік контрацепция күніне арналған ақпарат ұсынылды. Қалаусыз жүктіліктің алдын-алу әдістері мен түрлері және қазіргі уақытта қолданылатын контрацепция әдістері жайлы айтылды, 6003 топтың акушер-гинеколог интерндері студенттерге отбасы құндылығы жасанды түсіктен кейінгі асқынулар және оның зияндылығы жайлы ақпараттандырды. Жастарды өздерінің репродуктивті денсаулығын қорғауға шақырды. Таныстырылымнан кейін сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар берілді. Науқан аяқталысымен, контрацептив және жасанды түсіктің асқынулары жайлы білім деңгейін анықтау мақсатында қатысушыларға сауалнама жүргізілу ұсынылды.

Ю.Ю.Кизина, Ю.Д.Искра

«ЖМ»  мамандығы 6-003 топ  интерны


0
6780

пікірлер

пікір қалдыру үшін.