Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
В.Н.У.К. (Ардагерлерге күтім және серік қажет) жұмысын жалғастырады

В.Н.У.К. (Ардагерлерге күтім және серік қажет) жұмысын жалғастырады

26 Қазан 2016

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім «Ынталы студенттер клубымен» (ЫСК) құрметті оқытушылар, еңбек ардагерлері, ЖОО құрылыуынаүлестерін қосқандар адамдарға баруды ұйымдастырды, олар:  А.И. Пономаренко, А.В. Шибаров, М.З. Сарсенбеков, У.С. Алькенова  және  Г.Р. Исин.

  ҚММУ соғыс және еңбек ардагерлерін қолдау жүйесі құрылған. Міне осы жолы да студенттер құр қол бармай университетіміздің кәсіподағы ұсынған сыйлықтармен барып қайтты. ЫСК белсенділері ардагерлерге үйлерін жинауға, дүкенге баруды ұйымдастырды, сонымен қатар еңбегі сіңген адамдардың естеліктерін қызығушылықпен тыңдады.

Ардагерлер жастармен ЖОО тарихымен бөлісті, өздерінің өмірілеріндегі сабақ берген уақытты, сабақты қалай ұйымдастырғандары туралы, өмірлерінде қиыншылықтарды жеңуге тура келген қиындықтар туралы әңгімеледі.

«Біз қонаққа бардық, себебі ардагерлерге оларды ұмыптағанымызды және есте сақтайтынымызды көрсеткіміз келді. Қайтатын уақыт таянғанда бұл кездесулердің бізге қажет екендігін түсіндік – деп студенттер өздерінің әсерлерімен бөлісті. – Өзіміз байқамай осы адамдардан табандылықты,  оптимизмге ең бастысы – өмір сүріп жатқан елімізге деген махаббатты үйренеміз».

Гаджиева Рагимат

Ынталы студенттер клубының жетекшісі


0
6514

пікірлер

пікір қалдыру үшін.