Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біз маскүнемдікке қарсымыз!

Біз маскүнемдікке қарсымыз!

26 Қазан 2016

Қарашаның 19-ы күні СР «Самұрық»-тың қоғамдық жұмыстармен айналысатын министрлігі,жастармен жұмыс жасау бөлімімен бірлесіп, Ұлттық маскүнемдіктен бас тарту күніне орай,іс-шара өткізді.

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы бойынша маскүнемдік ауру-сырқатқа,өлім-жітімге алып келуде жетекші оындарда тұрады. Ішімдікті тұтыну мугедектіктің басты сатыларына және өлімге әкеліп соғуы мүмкін.20-39 жас арасындағы адамдарда 25% маскүнемдіктен болатын өлімге әкеліп соғады.Әр жылы ішімдікті шамадан тыс мөлшерде пайдаланғаны үшін,3,3 миллион адам өлімге душар болады,яғни,ол өлімге әкелетін жалпы себептердің 5,9% құрайды. Ішімдікті пайдалану біздің елімізде ғана емес,бүкіл әлемде басты индикатор болып табылады.

Министрліктің өкілдері «Алкоголь және оның адам ағзасына зияны»- атты,жобаларымен таныстырып өтті.Кейін,қатысушылармен мынандай сұрақтар бойынша сұрақ-жауап жүргізілді:

§  маскүнемдіктің әйел және ер адам ағзасына тигізетін салдары

§  жүктілік кезінде алкогольдің әсері

§  балалар арасындағы маскүнемдік

§  ішімдік өнімдері арқылы болатын аурулар және т.б.

Кездесудің соңында барлық қатысушылар мынадай ортақ шешімге келді,яғни  ішімдікті ішімдіктер медицина қызметкерлерін ғана емес,әрбір өзінің және өз балаларының денсаулығын ойлайтын барша азаматтарды алаңдатуы тиіс.Сонымен қатар адамның сыртқы және ішкі жан дүниесін,соңы өліммен аяқталатын құмарлықтың алдын алу үшін міндетті  түрде жүйелік жұмыстар өткізілуі тиіс.

Калыбекова Айя

Арингазиева Асем

СР «Самұрық» қоғамдық жұмыс бойынша министрлігі


0
6627

пікірлер

пікір қалдыру үшін.