Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ Диссертациялық кеңес отырысы жайлы

ҚММУ Диссертациялық кеңес отырысы жайлы

25 Қазан 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасының 31.03.2016 ж. №316 бұйрығына сай Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде 6D110100 – «Медицина» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D.) ғылыми дәрежесін алу үшін Диссертациялық кеңесі ашылды. Диссертациялық кеңес құрамы ҚММУ Ғылыми Кеңесімен бекітілді(2016 жыл 28 сәуір №9 хаттама).

2016 жылы 19  қазанда университетте 6D110100 – «Медицина» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D.) ғылыми дәрежесін алу үшін қорғау өтті.

Диссертациялық кеңес отырысын төраға Азизов Илья Сулейманович ашып, кеңестің ашылуымен құттықтап, күн тәртібімен таныстырды.

Күн тәртібіндефилософия докторы (Ph.D.) ғылыми дәрежесін алу үшін қорғау өткізу. Диссертация тақырыптары медицинаның өзекті сұрақтарына арналған: «Интраабдоминалды гипертензиямен ассоцияцияланған ағзадағы патофизиологиялық және патоморфологиялық өзгерістер»(докторант Д.Н.Матюшко, ғылыми кеңесшілері Е.М.Тургунов,  м.ғ.д., профессор, ҚММУ №2 хирургиялық аурулар  кафедрасының меңгерушісі, Александр Злотник, PhD, профессор, Бен Гурион университеті, Сорока университеттік медицина орталығы  (Беэр-Шева қ., Израиль),  «Созылмалы бүйрек аурулары өршуі эритроциттердің параметрі физика-химиялық бұзылысының pөлі» (докторант Е.А.Колесникова, ғылыми кеңесшілері Л.Е.Муравлёва, б.ғ.д., профессор, ҚММУ биологиялық химия кафедрасы меңгерушісі, Серго Табагари, PhD, профессор, Давида Твилдиани атындындағы Медицина университеті, Тбилиси қ., Грузия),«Метаболиттік синдромы бар пациенттерде ми қан айналымының жедел бұзылысы дамуы мүмкіндігін болжау математикалық  моделін құрастыру» (докторант И.А.Кадырова, ғылыми кеңесшілеріФ.А.Миндубаева, м.ғ.д., профессор, ҚММУ физиология кафедрасының меңгерушісі, Вайва Хэндриксон, PhD, Вильнюс университетінің профессоры, Вильнюс қ., Литва).

Диссертациялық кеңестің мүшелері, ресми және ресми емес пікірсарапшылар жұмыстардың өзектілігін, теориялық және тәжірибелік маңыздылығы мен құндылығын атап өтті. 

Табысты қорғауларыңызбен құттықтаймыз!!!


0
7766

пікірлер

пікір қалдыру үшін.