Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Бақытты отбасы» тақырыбындағы жылы кездесу

«Бақытты отбасы» тақырыбындағы жылы кездесу

25 Қазан 2016

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.

Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ- деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Ұлын ұлтжанды, қызын инабатты, сыпайы етіп өсіру ол әр ата – ананың міндеті болып табылады.

Осыған байланысты «Ақжүніс» қыздар клубы және «KSMU- Life» жас тілшілер клубы 15-қазан күні  «Бақытты отбасы» тақырыбында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры  Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызымен кездесу өткізілді.

  Кездесу басы біздің қыздар клубының негізін қалаушы Динара Тулеувнаның таныстыру сөзімен басталды, яғни біздің витаның негізгі мақсаты сонымен қатар эмблемасы мен мүшелері туралы түсінік беріп кетті. Әрі қарай жүргізушілер кездесу барысын жалғастырып, қыздар өзінің ойындағы көкейкесті сұрақтарын қойды. Сұрақтарға толық жауап алынды, қыздарымыз келешекте бір үйдің отын түтететін болғандықтан, өздерін отбасы мәселесінде және ұрыс-керіс кезінде қалай истеу керек деген сияқты сұрақтарға біздің кездесуіміздің бас қонағы Анар Ақылбековнадан кеңестер алып, тәжірибесімен бөлісті.

  Кездесу соңына қарай біз қонағымыздың әкелген бейнеролигін, яғни Анар Ақылбековнаның өздерінің ата-анасының 70 жылдық мерейтойына жасаған бейнебаянын тамашаладық. Қадірлі қонағымыз клубымыздың Құрмет кітапшасына өзінің жылы лебізін білдіріп, бізге ақжол тіледі.

Қазақтар қонақтарын құр қол жібермейді ғой, соған байланысты біз «Ақжүніс» клубының атынан өзіміздің шарфымыз бен төсбелгімізді сый ретінді құрметті меманымызға сыйға тарту еттік.

Кездесу арқылы біз Отбасының адам өміріндегі маңызын және бар өмірі екеніне көз жеткіздік. Сол үшін ата-анамызды сыйлап, болашақ жарларымызға түсінушілікпен қарап, «Бақытты отбасы» құруға тырысайық!

Осыған қоса, клубымызды алдағы уақытта университетіміздің Ректоры Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызымен, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Молотов-Лучанский Вилен Борисовичпен, клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби дамыту жөніндегі проректоры Кошерова Бахыт Нұрғалиқызымен кездесу өткізетінін хабарлаймыз.

«Жалпы медицина және стоматология» факультеті

 декан орынбасары Оспанова Динара Тулеувна,

«Жалпы медицина» мамандығы 2-курс 2-008 топ студенті

 Серікбай Айдана Арманқызы


0
7487

пікірлер

пікір қалдыру үшін.